Бақытжан Сағынтаев ОҚО бизнесмендерімен облыстың әлеуметтік-экономикалық өсуін талқылады
Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев облыстың активтерімен және бизнес өкілдерімен кездесті деп хабарлайды primeminister.kz.
Күн тәртібінде — 2018 жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсатты индикаторларына қол жеткізу бойынша облыстың Жобалық бақылау жұмыстарының жүйесі және Мемлекет басшысының Жолдауларын іске асыру мәселелері.
Кездесу барысында өңір активінің жаңа жаһандық шынайылық жағдайындағы жоғары сапалы және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларды жасау жөніндегі жұмыстары қаралды. Атап айтқанда, АӨК, инвестициялар тарту, экономиканың негізгі салаларын, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, индустрияландыру, технологиялық жаңғырту және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу, цифрландыру, жаңа жұмыс орындарын құру секілді бағыттардағы мәселелер қозғалды.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өткен жылы Мемлекет басшысының өсудің жаңа моделін қалыптастыру жөніндегі міндеттерін іске асыру үшін жобалық басқару жүйесі енгізілгенін атап өтті. Экономиканы дамытудың барлық маңызды бағыттары бойынша жобалардың портфелі құрылды. Әрбір жоба бойынша мақсатты индикаторлар мен жауапты тұлғалар бекітілді, жобаларды іске асырудың нақты нәтижелері мен орындалу мерзімдері көрсетілген егжей-тегжейлі жоспарлары әзірленді.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында айтылған экономикалық өсімнің жаңа моделін құру міндетінің өңірде іске асырылу барысы туралы баяндама жасады.
Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, сондай-ақ ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Евниев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А. Мырзахметов облыстың қандай резервтері мен экономикалық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану керектігі туралы, сонымен қатар өздері жауапты бағыттар бойынша Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс жоспарлары жайында сөз сөйледі. Талқылауға, сондай-ақ, аудандардың әкімдері мен өңірлік кәсіпкерлер қатысты.
Кездесуді қорытындылай келе, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлікті дамыту Үкіметтің еліміздің экономикалық өсуінің жаңа моделін құрудағы негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік ахуалын жақсарту мен ШОБ субъектілерінің іскерлік белсенділігін ынталандыру бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға серпін беру Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында шағын несие беруді көбейтуге жол ашады.
Осы орайда мемлекеттік органдарға бизнес-қауымдастықпен ұйымдасқан түрде жұмыстар атқару қажеттілігі атап өтілді. Жобалық басқару жұмыстарының аясында бизнеске мемлекеттік органдарға өз ұсыныстарын тез арада жеткізуге мүмкіндік жасалды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: