«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дәрі-дәрмек сатып алу қорытындысы заңсыз деп танылды

2018 жылғы 27 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
5639 просмотров

Сотта мәселе отандық дәрілік препараттар өндірушілердің пайдасына шешелді

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасына құқығы мен заңды мүддесін қорғау мақсатында «Келун-Қазфарм» және «Асфарм» компаниялары жүгінді. Мәселені анықтай келе, аталған компаниялар мемлекеттік сатып алу қорытындысымен келіспейтіндігін айтқан. Аталған сатып алуды Өскемендегі «Ана мен бала орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы мен Риддер қалалық ауруханасы ұйымдастырған.

«Компаниялар консультативтік-құқықтық көмек сұрады. Өтінім материалдарын зерттей келе, ұйымдастыру тәртібі мен дәрі-дірмек сатып алуды өткізудің талаптары бұзылған деген шешімге келдік. «Келун-Қазфарм» ЖШС  бұл сатып алуда отандық өндіруші ретінде натрий хлориді дәрілік затымен қатысқан, оны өздері өндіреді. Тиісті құжатпен расталған», – деп баяндады ШҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Исатай Қайырғазы.

Алайда, дәл сол препаратты тек шетелде шығарылған нұсқасына таңдау жасалған. Жеңімпаз кәсіпорынмен дәрі-дәрмек алу туралы келісімшарт та жасалған. Медициналық мекеме өкілдері сатып алу ережеге сай өткізілгенін дәлелдеуге тырысқандарымен, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Келун-Қазфарм» және «Асфарм» компанияларының мүддесін қорғаған Шығыс Қазақстан олысы кәсіпкерлер палатасы сарапшысының дәлелдерін ескерді. Денсаулық сақтау мекемелері сатып алуда отандық өндірушілерді қолдау және кәсіпкерлік бастамаға қолдау көрсету қағидасы сақталмай өткізгенін бекітті. Мұнымен қоса, жеңімпаз отандық өндіруші емес, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органда аталған дәрілік құралдың сауда атауына тіркелген бағасы да жоқ.

Нәтижесінде дәлелдеу базасын зерттеген сот талап арызын қанағаттандыру шешімін қабылдады. Сатып алулардың қорытындысы заңсыз деп танылды. Жасалған келісімшарт бұзылады. Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі заңды күшіне әлі енбеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер