«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкер ұтыс ойынына көлік тікті

2018 жылғы 26 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9512 просмотров

Наурыз мейрамы қарсаңында Жамбыл ауданында дәстүрге айналған лоторея ұтысы өтті. Бұл шараның тұрақты демеушісі «Екпін-2002» ЖШС директоры СҚО Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшесі Екпін Әбиев болып келеді

Лоторея билеттері аудан тұрғындарына «Орталық» супермаркетінде тегін таратылды. Негізгі талап 5 теңгеден астам сомада сауда жасау болатын. Сыйлықтар қатарында бес теледидар, бес кір жуғыш машина, бес микротолқынды пеш және басқа да бағалы заттар қойылды. Лотореяның басты жүлдесі – «Лада Гранта» көлігі болды.

 Жалпы алғанда Екіпн Әбдиев адамдар тағдырына алаңдайды, тұрғындарға  материалдық әрі моральдық көмектесуге тырысып келеді. Жыл сайын кәсіпкер ауыл мектептері мен балабақшаларға материалдық көмек жасайды.

 «Тапқан ақшамыздың бәрін өзімізбен бірге алып кетпейміз. Сондықтан онсыз да қатыгез мына өмірде жақсылық жасауға асығайық»,– дейді кәсіпкер.

 Екпін Әбдиев нағыз патриот ретінде тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуда жүйелі мәселелрді шешуде атсалысады. Басты назарды әлеуметтік мәселелерге, қосымша жұмыс орындарын құру, жағдай жасау, халық тұрмысын жақсартуға бөледі, жалпы ауыл дамуына қолынан келгенше үлес қосып келеді.  

 Осылайша Жыл басы – Наурыз мейрамы қарсаңында жамбылдықтарға арнап лоторея ойыны өткізілді. Биыл бас жүлде Украинское ауылының тұрғыны Владимир Богушқа бұйырды.  

 «Мен Пресновка ауылындағы «Орталық» супермаркетінің тұрақты клиентімін. Ондағы тауар сан алуандығы мен қызмет көрсету жақсы. Бүгін автокөлік ұтып алғаныма әлі сенбей отырмын. Екпін Әбиевке алғысым шексіз. Бұл тамаша мүмкіндік, әрі игі іс!», – деді Владимир Богуш.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер