19 сәуірде Қазақстан мен Корея бизнес-форумы өтеді
2018 жылдың 19 сәуірінде Сеул қаласында Қазақстан мен Корея арасындағы «Invest in Kazakhstan» инвест-форумы ұйымдастырылады
Форум ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің Кореяға жұмыс сапары мен Қазақстан-Корея үкіметаралық комиссиясын өткізу аясында қолға алынған.
Бизнес-форумды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырады.
Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, технологиялар және IT, фармацевтика, туризм, құрылыс, автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасын жасау, шағын және орта бизнес саласында сауданы дамыту, көлік-логистикалық тасымалдау және тағы басқа да салаларға басты назар аударылады.
Форум аясында корейлік кәсіпкерлермен тікелей келіссөз жасау мақсатында В2В форматында екіжақты кездесу ұйымдастыралады. Осыған орай қызығушылық танытқан барлық кәсіпкерлерді бизнес-форумға қатысуға шақырамыз. Қатысу тегін. Барып-келу және орналасу ақысын кәсіпкерлердің өздері төлейді.
Барлық сауалдар бойынша Әсел Байболоваға хабарласу керек: +7 (7172) 279054 (ішкі 207), a.baibolova@atameken.kz.
Қазақстан–Корея бизнес форумына тіркелу үшін: https://goo.gl/forms/BcM7PWHo4sAnv8vH3
Форум бағдарламасы мен Корея тарапынан қатысушылардың тізімі тіркелген қатысушыларға қосымша жолданады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: