«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Келешектің кәсібі

2018 жылғы 20 Наурыз
- Маңғыстау облысы
4263 просмотров

Тиімді пайдаланған уақыт – біткен іс

Жаңа технологиялар мен үрдістердің даму қарқынына қарай кейбір мамандықтар өзектілігін жоғалтып қана қоймай, нарықтан мүлдем жоғалады деген болжам бар. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ директоры Дәулет Арғындықовтың пікірінше, IT- технолог, робототехниктер, құрылысшылар, баламалы энергия көздері бойынша сарапшылар, Big Data үлгілерін әзірлеушілер, биотехнолог сияқты маманедықтар нарықты жоғары сұранысқа ие болмақ. 
Сондай-ақ, зерттеу және дамыту жөніндегі менеджерлер, сатушылар, дәнекерлеуші, ауылшаруашылық саласындағы, өсімдіктанушы, сынды мамандықтар құдіреттілігін жоғалпайды. 
Мұндай пікірді «HeadHunter» компаниясының PR және маркетинг директоры Динара Рахимжановада ұстанып отыр. Яғни, қазір бұқаралық сипат алған сату менеджері, әкімшілік қызметкер, есепші және ақпараттық технологиялар мамандықтар келешекте де маңызын жоймайды. Бірақ, аталған мамандықтардан бөлек тағы да тың сала мамандықтары пайда болуы да ғажап емес дейді.

 Мәселен, бұрын-соңды «фрилансер» деген мамандықты естімеуші едік. Қазір бұл кәсіп түрі кең етек алып келеді. Бұл мамандық иесі, белгілі бір ұжымның тұрақты штатында тұрмайтын еркін қызметкер. Яғни, ол өз жұмыс тәртібін өзі белгілейді. Қандай керемет. Бәрі еркін. Фрилансер тіпті басқа елде жұмыс істейтін компаниялардың да тапсырыстарын орындай береді. Тек қызметіне сұраныс болсын деңіз. Сарапшылардың пайымдауынша, болашақта осындай-осындай кәсіптер тізгіні артпақ.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер