«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақкөл ауданындағы іскер әйелдер үшін дамытатын тренингтер ұйымдастырылды

2018 жылғы 19 Наурыз
- Ақмола облысы
6066 просмотров

«Ақкөл – үлкен мүмкіндіктердің қаласы», осындай атаумен Ақкөл ауданы кәсіпкерлерінің ІІ форумы өтті. Оған жергілікті бизнес өкілдері ғана емес, таяу ауданның да кәсіпкерлері қатысты.

Іс-шараны Ақкөл ауданы Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырды. Форумның барынша маңызды өтуіне ден қойылған. Кәсіпкерлер үшін тренингтер ұйымдастырылып, оны кәсіпкерлікте тәжірибесі мол Әмина Әділбекова мен Айнагүл Аяғанова атты іскер ханымдар жүргізген. Кәсіпкерлермен қатар тренингке аудан әкімі Теміржан Едігенов те қатысты.

Мұнымен қоса байланысу алаңы құрылып, Ақкөл қаласы кәсіпкерлерінің сауалдарына «АРЭК» АҚ Ақкөл филиалы мен «АккольГорКомхоз» ЖШС өкілдері жауап берді.

 «АккольГорКомхоз» ЖШС директоры Мұратбек Әлімбаевпен әңгіме барысында өзекті мәселе көтерілді – тұрмыстық қалдық тастайтын полигон жоқ. Сондай-ақ екінші деңгейлі банк пен қаржы институттарының өкілдері мемлекеттік қолдау шаралары туралы семинарларын өткізді, олардың да аудиториясы ауқымды болды. Форумға қатысушылардың алдында Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері де сөз сөйледі.

Форумның ең басты нәтижесі Ақкөл ауданы әкімдігімен жасалған меморандум болды.

«Бүгін шынында да маңызды оқиға орын алды – біз кәсіпкерлердің екінші форумын өткіздік. Сонымен қатар Ақкөл ауданы әкімдігі мен Іскер әйелдер кеңесінің ынтымақтастық жөніндегі меморандумына қол қойдық. Бүгінгі іс-шара Ақкөл қаласында әйелдер кәсіпкерлігі дамуының бастамасы болып қана қоймай, жалпы кәсіпкерлік ахуалға оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Бізде іс-шаралар жоспары дайын. Сәуірде қызмет көрсету мәдениетіне оқыту семинарларын өткізуді жоспарладық», ­- деді Ақкөл ауданы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ирина Айкенова.

Сонымен қатар форумда «Вита Профи» ЖШС директоры Айнагүл Аяғанова, «Енбек» ЖШС директоры Қуаныш Рақышев, Ақкөл ауданы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ирина Айкеноваға алғыс хат табысталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер