«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шаруаларға шөп көптік етпейді

2018 жылғы 16 Наурыз
- Маңғыстау облысы
4523 просмотров

Әйел о бастан нәзік болғанымен, «40 шырақты» деп бекер айтпаса керек Өйткені, бүгінде азаматтардың мойына артылған жұмыстардың шет жағасын атқарып жүрген нәзік жандылар көп

Солардың бірі – Артық Ізжанова. Таушық ауылындағы «Шөп-2» ЖШС жұмыс жасайды. Төрт түліктің қыстық азығын тауып, шөп-шөңгей дайындайды. 
Сонау тоқсаныншы жылдары, тоқырау кезде адамдар кез келген шаруаны дөңгелетіп, нан табудың қамына кіріскен болатын. Осы тұста нәзік жандыларда белдерін бекем буып, бала-шағасын аш қалдырған емес. Бірі -
тиыннан теңге құрап, базар жағаласа, енді бірі - жоқтан бар құрап кәсібін ашқан. 
Еңбекке ерте араласып, қара нардың жүгін қайыспай көтергендердің бірі осы –  Артық Ізжанова. Кәсіпкердің «Шөп-2» шөп шабумен айналысатын шағын бизнесі бар. Малдың жағдайын жан-жақты қараған кәсіпкер адамның жағдайын да ұмытпаған. Тұрақты түрде 4 ауылдың азаматын жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкерді сөзге тартқанымызда: бұл шаруаға жергілікті азаматтардың икемі келмей ме? Әйтеуір
 қазір бұл жұмысты атқарып отырған шетелдік ағайындар.  

Қазір шаруашылықта Ойсылқара түлігі болғандықтан, көктем мезгілі түйе қорегі сораң шөбінің шабу науқаны басталмақ. Шаруа «Шаш етектен» - дейді кәсіпкер. Отбасылық кәсіптің тұтқасын ұстаған Артық апайдың жолдасы тракторды тізгіндейді. Кәсіп бастаған кезде жақындарыңның қолдауымен демеушілігінің маңызы зор екенін жеткізді. 
Бір кездері шөп жақсы шықса, бір уақыттарда – қуаңшылық болғанын жасармады. Енді бұл кәсіпке балаларын да тартпақшы. Болашақта аймақ басшысының қолдауымен бастау алған «Нұр капитал» жобасы арқылы ксібін одан әрі дамыту ойында бар. 
Осы күнге дейін көрген түйгенімен бөліскен Артық Ізжанова «Әрине, оңайлықпен ештеңе жоқ. Десек
те, қажырлы еңбек пен ынта болса, қай істің болмасын тетігін табуға болады», – дейді кәсіпкер.

 Қазіргі нарық осы қасиеттерді талап етеді. Осындай алдыңғы буын ағалар кейінгі толқынға ой салар әрекет жасаса, кәсіпкерлік саласы мен елдің экономикалық жағдайы өрлеуіне толық кепіл бар.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер