Өсу нүктесі: Қазақстанның мұнай сервисі өз әлеуетін жүзеге асыруға дайын
Теңізшевройлдың келешектегі ұлғаю жоспарының белсенді фазасы – отандық мұнай сервистік компанияларының дамуына арналған сын-тегеурін
Атырауда өткен «ҚазМұнайСервис–2018: мұнай-газ құрылысы және инжиниринг» VII жыл сайынғы конференциясына қатысушылар осындай ортақ пікірге келді.
Конференцияның пленарлық бөлігіне ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Майкл Джон Гиффорд, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, ҚР Парламентінің депутаты және ірі мұнай-газ жобаларының бірінші басшылары, 200-ден астам мұнай сервистік компания қатысты.
ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов атап өткендей, былтыр жер қойнауын пайдаланушылар жалпы сомасы 4,5 трлн теңгеге тауар, жұмыс және қызметті сатып алған.
«Тауар, жұмыс және қызмет сатып алуындағы 70%-дан астам үлес үш негізгі жобаға: Теңізшевройл, «ҚарашығанақПетролиумОперейтинг» және «NCOC» компаниясына тиесілі. Қазақстан бизнесі дамуының негізгі бөлігі мен әлеуеті осы жобалардың айналасына шоғырланған», – деп атап өтті Энергетика бірінші вице-министрі
Мұнайсервистік компаниялар одағы Төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықовтың айтуынша, бұл отандық компаниялар өз орнына таласып, табыс алатын ауқымды сома.
«Ірі жер қойнауын пайдаланушылардың жобаларына қатысудан алынатын қаражатты отандық бизнес ары қарай экономиканы әртараптандыруға, өз қызметінің сапасын жақсартуға бағыттауы тиіс. Аталған үш компания да алдағы уақытта кеңеюді жоспарлап отыр. Сондықтан осы конференцияның негізгі мақсаты – отандық компаниялар үшін негізгі инвесторларды табуына мұмкіндігін жасау, алдағы уақытта жаңа технологияны енгізу және мамандардың кәсібилігін арттыру арқылы жұмыс сапасын жақсартуға көмектесе алады», – деп есептейді Рашид Жақсылықов.
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов «ҚазМұнайСервис» конференциясы осы жылдар аралығында жергілікті қамту үлесін арттыру мәселесін талқылауда және шешім қабылдауда, отандық сервистік қызмет көрсететін компанияларды дамытуда жер қойнауын пайдаланушылар мен мұнай сервистік компаниялардың бірігуі үшін тиімді алаңға айналғанын атап өтті.
«Мұнай-газ кен орындары, мұнай-сервистік индустрия және отандық үлесті кеңейтудің ағымдағы және алда болатын ірі жобаларының зор маңызына ие болды. Егер мұнай сервистік саланың айналымы 2015 жылы 1,3 трлн теңге болса, 2017 жылдың қорытындысында жергілікті қамту үлесі орташа алғанда 52%ға тең», – деді Елдос Рамазанов.
Оның айтуынша, отандық үлестің жоғары пайызын құрылыс-монтаждау және бұрғылау жұмыстары бойынша қызмет көрсету есебінен қамтамасыз етіледі, онда жергілікті қамту үлесі тиісінше 80% және 62%-ға тең, жобалау, инжиниринг, геодезия, секілді салаларда отандық мұнай сервисі 12-ден 16%-ға дейінгі аралықта. Мұнай сервистік қызметтің аталған салаларында отандық компаниялардың қатысуын арттыру талап етіледі.
«Дайындалған жобалық шешімнен қандай жабдық және қандай материалдар жобада қолданылатыны белгілі болады. Осылайша осы бағытта отандық экономика үшін үлкен әлеует бар. Отандық компаниялардың бәсекелік қабілетін өрістете отырып, Қазақстан мұнай сервисінің аталған сегментіндегі қызмет сапасын арттыру қажет», – деп атап өтті Елдос Рамазанов.
«Атамекен» ҚР ҰКП отандық мұнай сервисті ары қарай дамыту аясында Жол картасын жүзеге асыру жұмысын да қолға алған. Конференция бағдарламасы аясында қатысушылар үш ірі мұнай-газ компаниясының алдағы даму мәселесін, тауар, жұмыс және қызмет сатып алуындағы жоспарларын талқылады.
Теңізшевройл, «ҚарашығанақПетролиумОперейтинг» және «NCOC» сатып алу үлесіне Қазақстандағы мұнай-газ операторларының тауар, жұмыс және қызмет сатып алуының 70%-дан астамы тиесілі. 2017 жылы 3 трлн 398 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жергілікті қамту үлесі 30,83%, қаржылай сомасы – 1 трлн 47,8 млрд теңге. Таура, жұмыс және қызмет сатып алулары ойынша көш басында «Теңізшевройл» компаниясы тұр: 2017 жылы компания 2 трлн 815 млрд теңгеге сатып алу қызметін жүргізген. Ал отандық қамту үлесі бойынша «ҚарашығанақПетролиумОперейтинг» алда: компанияның сатып алуында жергілікті қамту үлесі 54%-дан астам немесе 130 млрд теңге.
«Теңізшевройл» компаниясы құрылған күннен бастап жергілікті қамту үлесін дамытуға назар аударып келеді, былтыр өндіру және жергілікті үлес бойынша рекорд жасады. 1993 жылдан бері кәсіпорын Қазақстанның тауар, жұмыс және қызметіне 24 млрд доллардан аса қаражат жұмсады. Былтыр Келешектегі ұлғаю жобасының басталуы аясында 1,6 млрд доллар жұмсадық, бұл сан алағы уақытта да өседі», – деп хабарлады «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары Мұрат Мұқашев.
Конференцияда Eni компаниясының Орта Азия елдері бойынша вице-президенті Лука Виньяти, Shell концернінің Қазақстандағы төрағасы Оливье Лазар, «NCOC» компаниясының басқарушы директоры Бруно Жардэн сөз сөйледі.
Жиынның панельдік бөлімі мұнай сервисі саласының бірқатар қызметкеріне Қазақстан мұнай сервистік компаниялары одағының медалін тапсыру салтанатымен аяқталды. Қатысушылар үш оператордың жобаларымен түрлі секцияларда толықтай таныса алды, іс-шара В2В форматындағы кездесумен аяқталды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: