«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Арбитраж жұмысы тиімді ме?

2018 жылғы 14 Наурыз
1417 просмотров

Халықаралық сарапшылар тәжірибелерімен бөлісті

13 наурыз күні «Атамекен» Арбитраж орталығы KPMG ұйымымен бірлесіп, «Халықаралық арбитраждағы дауларды шеші ерекшелігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Шараға Davies Wallis Foyster cеріктесі, инвестициялық және коммерциялық арбитраждың сарапшысы Жером Леуше, Davies Wallis Foyster cеріктесі, коммерциялық арбитраж сарапшысы, Париж адвокаттар алқасы және Алжирдің сауда-өнеркәсіптік палатасы комитетінің мүшесі Сабрина Айнуз қатысуымен өтті.

Халықаралық дәрежедегі мамандар осы сотқа дейін дауды шеші саласындағы мүмкіндіктер мен мәселелерді талқыға салды. Қазақстанда жалпы төрелік сот практикасы бар, алайда бүгінде бұл салаға замануи шетелдік жетекші тәжірибе қажет.

Ірі арбитражды соттарға қатысқан мамандар бүгін ортаға келіп, бұл саланың кем-кетігін, қажеттіліктері мен әлемдік практика жайын талқылады.

«Маған осы дөңгелек үстелге қатысу үлкен мәртебе. Мен Сабрина ханыммен бірге көп арбитраж дауларына қатыстым. «Халықаралық арбитраж. Шығындарды азайтып, тиімділікті қалай арттыруға болады?» бүгін осы бағытта сөз қозғамақпын. Мәселен, Қазақстандық «Қара төбе» бойынша іс 8 жылға созылды. Шығындар көп болды», – деді Жером Леуше.

 Спикер Сот пен арбитражға жүгінудің механизмдеріне тоқталып кетті.  

«Арбитраж орталығына жүгінбей тұрып, келісімге әкелетін механизм бар. Келісім бойынша шарт жасалады. Тараптар арасындағы келісім, сырттан сарапшы тарту арқылы жүзеге асады. Егер аталған шарт бойынша тараптардың біреуі талаптарды орындамаса, жауапқа тартылады», – деді спикер.

Дөңгелек үстел барысында келісім процедурасы мен медиация арасындағы айырмашылық туралы айтылды. Мәселен, медиатор бейтарап тұлға болапы келеді, ол қандай да бір тарапты қолдамайды. Ал келісім процедурасындағы тұлға белгілі бір тарап жағына өтіп, сол тарапқа көмектеседі.

Жалпы алғанда кәсіпкерлік пен бизнес саласында арбитраж орталықтың маңызы қандай? Тәжірибе көрсеткендей сот жүйесі де, арбитраж орталағына жүгіну уақытты алады. Дегенмен, арбитраж орталығы ол бір ғана инстация болса, соттың жүйесі мен инстанциялары бірнеше, сонымен қатар соттың салдары кәсіпкер үшін ауыр тиеді, ірі айыппұл төлеу, тіпті бас бостандығынан айырылуға дейін қатер әкелуі мүмкін. Сот жүйесінде апелляциялық комиссия қарастырлса, арбитражда ондай мүмкіндік жоқ. Бірақ дауды басқа арбитражда қайтадан көтеруге болады. Осылайша арбитраж дауы кәсіпкерлер үшін қолайлы келеді. Осы сотқа дейін дауларды шешу практикасы жетілуі қажет дейді сарапшылар.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер