28 мыңнан астам құрылыс компаниялары жалған кәсіптер болып табылады
6 наурыз күні «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңес төрағасы Қайырбек Сүйлейменовтің басшылығымен күн тәртібінде сәулет,құрылыс, қала салу салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға қатысты шаралардың мәселесі көтерілді.
Отырысқа Кеңес төрағасы Қайырбек Сүлеймен, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс істері және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық коммитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, сонымен қатар бейне-байланыс арқылы өңірдің, жергілікті атқарушы органдар басқармасының өкілдері қатысты.
Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың айтуы бойынша құрылыс экономиканың едәуір сыбайласқан салаларының бірі болып табылады.
«Сараптамаға сәйкес, сәулет, құрылыс және қала құрылысы салаларындағы әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық қауіпін тудыратын негізгі мәселелер саладағы құқықтық қамтамасыз ету мен құқық қолдану тәжірибесі болып табылып, рәсімдерді қысқарту мен бизнестің шығындарын азайтудағы басты кедергіге айналуда», - деді депутат.
Сыбайлас жемқорлық қауіпі туралы өз баяндамасында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов нақты тоқталып өтті.
«Қазақстанда құрылыс саласын реттейтін 2 мыңнан астам заңға қосымша акттер қолданылып, оның ішінде 130 нормативтік-техникалық құжат 2011-2015 жылдары дайындалып, заңға қайшы келеді», - деп мәлімдеді Елдос Рамазанов.
Кеңес мүшелерінің пайымдауынша құрылыс саласының сатып алуында сыбайлас жемқорлық белең алған, сатып алулардың ұйымдастырушылары заңда «амалын тауып», сатып алудың 50%-ын байқау процедураларынсыз бір арнадан алып өткізеді. Құрылыс саласы бойынша мемлекеттік сатып алулардағы жұмыс пен қызмет көрсетуді орындауға бағалық демпинг кең етек жайған, ҚР Қаржы министрлігінің уәкілетті орган ретінде бұл үдерісті басу үшін нақты құралдары жоқ.
«Қазіргі таңда құрылыс үшін 28 500 рұқсат қағазы беріліп, ал негізінже адал жұмыс жал негізінже адал жұмыс жасап жүрген тек 300 компания болып шықты. Бұл арада қалған кәсіптер қандай жұмыс атқарады деген сұрақ туындайды. Жалпыға ортақ ақпаратқа сәйкес, интернеттер 1-ші категориядағы рұқсат қағазын алу үшін шамамен 18 млн теңге қаражат қажет. Бұл мәселені шешу үшін «Атамекен» құрылыс компанияларының біріңғай республикалық реестрін құруды ұсынады», - деді Елдос Рамазанов.
ҰКП Төралқалығының Құрылыс, құрылыс материалдар өнеркәсібі мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Александр Белович рұқсаттарды сатып алған аталмыш «таза компаниялар» әсерінен кәсіби құрылыс зардап шегеді деп атады.
«55 мыңнан астам берілген рұқсат қағаздарды енді қайтарып алу мүмкін емес, студенттерден дипломды қайтарып алғандай емес пе. Ресей Федерациясындағыдай рұқсат қағаздрдың күшін жоюды ұсынамыз. Белгілі бір шығындар алып келері анық, алайда үйлер қирап қалған жоқ.Өзін өзі реттейтін ұйымдар рәсімдерді өздері реттейді. Бизнес нарыққа кіру рұқсатынберген уақытта кәсіпқойлықсыздықты бболдырмайды», – деді Александр Белович.
Талқылау барысында нысанның құрылысын жүргізуде бекітілген 11 процедура бар екені атап өтілді, бұл процедураларда сыбайлас жемқорлық қаупі бар. Тәжірибеде тағы бір мәселе құрылыс жүргізуші жер учаскесін үшінші тұлғалар арқылы сатып алғанда туындайды. Егер жер учаскесі әкімдік бергеннен кейін үш жыл ішінде пайдаланылмаса, онда жер инспекциясы жерді қайтып алады. Бұл жағдай бойынша «Атамекен» жер учаскесін игеруге қатысты мерзімді әкімдіктен алған күннен емес, кәсіпкер жер учаскесі иесі атанғаннан бастап есептеуді ұсынып отыр. Жер учаскесін тәжірибеде бекітілгендей 1 жылға емес, нормативті-техникалық құжаттарда көрсетілгендей нормативті құрылыс мерзіміне беру керек, сонымен қатар бос жатқан жерлерді пайдалану критерийлері арқылы анықтау ережелерін бекіту қажет.
Сонымен қатар, басты мәселелердің бірі – мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының тексерістері. Техникалық бақылауға байланысты мұндай тексерістер тіркелмейді. Оған қоса, Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитеті жергілікті атқарушы органдардың тексерістерін жүргізуге уәкілетті. Осы тексерістер арқылы комитет құрылыс обьектілерін көруге заңды түрде мүмкіндік алады.
«Салаға қай уәкілетті орган жетекшілік ететтіні маңызды емес. Бастысы, тексеруші органның жұмысының тәртібі нақты бекітілген болуы тиіс. Инспектор міндеттері мен функционалын нақты білу арқылы келген уақытта тексеріс қай бағытта болатындығы жайында хабардар етуі маңызды», – деді Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Болат Палымбетов.
Қатысушылар аталмыш тексерістер алдын ала ескертіліп және міндетті түрде тіркеу арқылы жүргізілу қажеттігін айтты. Бұл шара тек бизнесті ғана емес, мемлекеттік органның өзін де қорғайды.
«Біз бизнесті емес, жергілікті атқарушы органдарды тексереміз.Құрылыс обьектілеріне кіріп, қарайтын уақытымыз жоқ себебі бар жоғы 8 инспекторымыз бар. Олар шағымдар болған жағдайда жергілікті мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын, жергілікті сәулет басқармаларын, құрылыс басқармаларын тексереді. Сонымен қатар, жоспарлы түрде жасалатын әкімдіктерді тексеру жүргізіледі, алайда ол бизнес үшін тексеріс емес», – деді ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.
Отырыс барысында Кеңес мұшелері мен депутаттар қазіргі таңда құрылыс саласының ҚР Президенті 2018 жылдың 5 наурызында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде ұсынған «7–20–25» («Жеті – Жиырма – Жиырма бес») бағдарламасы Үкімет пен азаматтық қоғам алдында «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бастамасының мақсатына жету үшін жаңа механизмдерді дайындау міндетін қойып отырғанын атап өтті. Бұл бағдарламада әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық қаупінен тиімді қорғау болуы керек.
«Бүгінгі отырыс құрылыста әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық қауіпін тудыратын негізгі мәселелер қажетті деңгейдегі құқықтық қамту мен бірін біріне қайшы келетін құқық қолданушылық тәжірибе болып табылатындығын көрсетті, ал бұл бизнеске кері әсерін беретіні сөзсіз.Құрылыс салсын реттейтін заңнаманы ретке келтіру қажет. Мәселені шешудің жолдарының бірі – Қара құрылыс кодексін қабылдау болып табылады», – деді Қайырбек Сүлейменов.
Айта кетелік, құрылыс нысанын салу заңды тұрғыда 11 бекітілген процедурадан тұрады, ал олар бойынша жемқорлық тәуекелдер бар. Мәселе құрылысқа лицензия алудан-ақ басталады. Бүгінде құрылыс жүргізу үшін 28 500 лицензия берілген, ал нарықта халық та, бәсекелес те танитын небәрі 300 белсенді құрылыс компаниясы бар. Сонда қалған компаниялар немен айналысады? Жалпыға бірдей ақпаратқа сүйенсек, интернет желісі арқылы құрылыс жүргізу үшін 1-санаттағы лицензияны алу 18 млн теңге тұрады екен. Бұл мәселені шешу мақсатында «Атамекен» ҰКП Құрылыс компанияларының бірыңғай тізілімін жасауды ұсынды.
Отырыстың нәтижесінде бекітілген заң бұзушылықтарды жоюға байланысты мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізілді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: