«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбеде бизнес-инкубаторын ашу туралы үш жақты меморандумға қол қойылды

2018 жылғы 03 Наурыз
- Ақтөбе облысы
1307 просмотров

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы, «Ақтөбе» ӘКК »ҰК» АҚ, «А-Полиграфия» ЖШС өзара ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойды

Меморандумның мақсаты – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуға арналған бизнес-инкубаторын ашу. Бизнес-инкубаторының жұмысы жаңадан кәсібін бастаған кәсіпкерлерге немесе тоқтап қалған кәсіпорындарға төмен бағаға өндірістік, кеңсе орындарын төмен бағаға жалға беруге, кәсіпкерлердің кеңселік, шаруашылық қызметтерді тегін алуына ықпал етуге бағытталған. 

«Меморандум өңірдегі кәсіпкерлік белсенділікті арттыру мақсатында жүзеге асырылып отыр. Бизнес инкубаторын құру – заман талабы. Бұл - кәсіпкерлерге арналған тиімді мүмкіндік. Біз өз тарапымыздан бизнес-инкубатор аумағында орналасқан кәсіпкерлерге алғашқы кезде туындайтын қиындықтар барысында қаржылық, құқықтық мәселелер бойынша кәсіби кеңес беруді қамтамасыз етеміз», - деді «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов. 

 Аталмыш меморандум негізінде Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің мүдделерін қолдайды және жеке бизнес-инкубатор аумағында орналасуға ниетті қатысушылар тізімін қалыптастырады, «Ақтөбе» ӘКК ҰК АҚ осы жобаның операторы және үйлестірушісі болып табылады, «А-Полиграфия» ЖШС жеке кәсіпкерлерге арналған ғимараттан орын ұсынатын болады.

Меморандумға қол қою рәсіміне «Атамекен» ӨКП, «Ақтөбе» ӘКК ҰК, «А-Полиграфия» ЖШС қызметкерлері, кәсіпкерлер қатысты.

«Мен корпустық жиһаз өндірумен айналысамын. Бүгінгі меморандум менің бизнесіме оң әсерін тигізеді деп сенемін. Бизнес-инкубатор жобасы арқылы қаланың ортасындағы ғимарат аумағын жеңілдетілген бағаға, яғни 1 шаршы метрін 600 теңгеге жалға алмақпын. Бұл мен үшін қолайлы баға. Жобаны ұйымдастырушыларға кәсіпкерлерге жасап жатқан қолдауы үшін алғыс айтамын», - дейді жеке кәсіпкер Нұрлан Көшеров.

 Меморандум шарттарына сай, кәсіпкерлермен арадағы келісім 2020 - жылға дейін жасалады және сол уақытқа дейін бекітілген баға құны өзгеріссіз сақталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер