«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Солтүстік Қазақстандағы аудандық шаруалар машина-тракторлық парктерін жаңартуды бастады

2018 жылғы 03 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9304 просмотров

Ауыл шаурашылығына арналған көлік лизингін алуға Палата қызметкерлері көмектеседі

Қазіргі таңда мемлекет агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ауқымды назар аударып отыр, түрлі жеңілдіктер қарастырылды. Оның ішінде несиелеу, сыйақы мөлшерлемесі төмен субсидиялау және тағы басқалары қарастырылған. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, шағын шаруа қожалықтары осы жеңілдіктері оңайлықпен ала алмайды. Мұндай жағдайда палата филиалының қызметкерлеріне жүгініп, тұрақты дамуға әрдайым көмек алуға болады.

Кәсіпкерлер палатасының Уәлиханов ауданындағы филиалы бизнестің сенімді де тұрақты серіктесі екенін көрсетіп келеді, сондықтан кәсіпкерлер тарапынан да артылған сенім жоғары.

Машина-трактор паркін жаңартуды қалаған«Сәлімжан» шаруа қожалығының басшысы Сәбит Қожағұлов филиал қызметкерлерінің көмегін алды. Қажетті құжаттарды жинақтап, «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға лизинг алуға өтініш білдірді.

«ҚазАгроФинанс» менеджерлерімен келіссөзден кейін, қажетті құжаттарды жедел жинап, қаржы институтына жолдады. Кәсіпкер мен Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының кеңес беруші менеджерлерінің атқарған жұмысының нәтижесіне лизингке рұқсат берілді. Биыл қаңтар айында Сәбит Қожағұлов шаруашылығына жаңа «Беларус» көлігін алды.

«Палатаның көмегімен мұнымен біткен жоқ. Агроөнеркәсіп кешені жүргізген инвестициялық шығынды өтеу үшін техниканы субсидиялауға беруге болатынын айтты. Бұл жаңалыққа қуандым, себебі қосымша қаражат лизингтің бір бөлігін төлеуге жұмсалады, бұл негізгі қарызды төлеуге күш жинауға көмек болар еді. Уақыт жоғалтпайық деп, қайтадан құжат жинауға кірістік. Мұнымен қоса, аудандағы Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, рәсімдеуге онлайн-өтінім бердік. Қалғаны уақыттың еншісінде», – деп баяндады «Сәлімжан» шаруа қожалығының басшысы Сәбит Қожағұлов.

Қазіргі таңда дәл осындай көмекті «Ақбұлақ» ӘКК, «Берку» ӘКК, «Елешкей» шаруа қожалығы алып отыр, жыл бойы аудандағы басқа да субъектілер көмек ала алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер