«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әкімшілік кедергілер жасанды ма?

2018 жылғы 02 Наурыз
- Атырау облысы
6410 просмотров

Мемлекеттік органдар бизнеске жасанды кедергі істемеу керек

Жергілікті атқарушы органдар алдына «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл кеңесі мүшелері  осындай міндет қойды. Кеңестің отырысы Атырау облысы Жылой ауданында өтті.

 Атырау облысы бойынша бизнес-омбудсмен аппараты секторы жетекшісі, Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы директоры Сәрсенбай Жолдыбаев хабарлауынша кәсіпкерлерден жиі шағым түсетін негізгі мемлекеттік қызмет түрлері сәулет, құрылыс және жер қатынасында орын алады.

 2016-2017 жылдар аралығында бізге 40-тан астам өтінім түсті. Мәселен, 2016 жылы Нұржамал Қуанова, Алмагүл Сисенова, Алтынгүл Мұсағалиева және басқа да кәсіпкерлер коммерциялық мақсатқа арналған жер учаскілерін заңдастыра алмай келген. 2017 жылы Нысанбек Бақытбаев, Әсия Тілегенова, Эльвира Айтуева сынды кәсіпкерлер аукцион арқылы жер учаскілерін сатып алады. Алайда, сол учаскілер астынан инженерлік желілер орналасқан екен, ал олардың орналасуын ауыстыруға кәсіпкер өзі ақша шығару керек. Ал аукцион өткіреде жер учаскілері тексеруден өтуі керек.

 Іңкәр Шынашаева кафе салу үшін жерді 10 жылдан кейін алған. Нұрлан Шегіров сал ауыруға шалдыққан балаларды  емдеу мақсатында ат клубын ашу үшін жер ала алмай келеді. Ауданда сал аурумен ауыратын 200 бала тіркелген. Нәтижесінде ата-аналар балаларды өзге өңірлерге апаруға мәжбүр. Эльвира Айтуева өз жобаларын қорғап, 2 грант ұтып алады, алайда оларды жүзеге асыру үшін жер учаскісі бұйырмай отыр. Мұндай әкімшілік кедергілері бар фактілер көптеп кездеседі», – деді  Сәрсенбай Жолдыбаев.

 Аудандық сәулет және қала салу бөлімінің жетекішісі Айбек Жәлелов орын алған жағдайды былай түсіндірді.

«Инвестициялық жобалрға жер учаскілерін бөлу бойынша нақты критерий жоқ. Сондықтан кәсіпкердердің сұранымы орындалмай жатады. Басқа айтылған ескертпелер бойынша жұмыс істейтін боламыз»,– деді мемлекеттік орган өкілі.  

 Алайда Сәрсенбай Жолдыбаев орын алған жағдайға басқаша қарау керек деп айтты, мәселен, кәсіпкердің әр жаңа нысаны ол жаңа жұмыс орны, салық түсімдері, жергілікті халықтың әл-ауқатының артуы. «Сондықтан бұл мәселеде сылтау іздеудің қажеті жоқ» – деді ол.

 Палат өкілдері көзқарасын Атырау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес іс-қимылы бойынша агенттігінің департамент басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов қолдады.

«Көрсетілген фактілер бойынша бизнес-омбудсмен келтірген ақпаратпен келісемін. Неге барлығы шағым мен арыздан соң, басшылыққа айтқан соң шешілуі керек? Мен аудан басшысына түскен өтінімдерді қарап, нәтиже бойынша есеп беруін тапсырамын»,– деді департамент басшысы. 

Ары қарай жиында «Жылой газ» ЖШС монополиі кәсіпкерлерге газ жеткізу үшін алдын ала төлем жасатуы сөз болды. Кәсіпкерлер алдын ала төлемге қарсы.

 «Кәсіпорнымыз коммерциялық екенін ескерткіміз келеді. Сондықтан біз барлық тұтынушыларды алдын ала төлем жасаудан босата алмаймыз, өтйкені айналым қаражатымыз жеткіліксіз. Дегенмен шағын кәсіпкерлік субъектілері өтінімдерін тұтыну көлемі мен жылыту жабдықығын қуатын ескере отырып, жекелей қарауға дайынбыз», – деді «Жылой газ» ЖШС директоры Жазира Ермекова.

Жиынды қорытындылай келе Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасына Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігіне кәсіпкерлер мәселесі бойынша салыстырмалы анықтама жіберу тапсырылды. Жылой ауданы боынша Палата филилалы басшылығына «Жылой газ» ЖШС-мен бірлесіп ортақ критерий құру керек. Осы арқылы шағын бизнес субъектілері алдын ала төлемден босай алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер