Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директорлығына Бағдат Телебай тағайындалды
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасымен 2018 жылғы 26 ақпандағы №20 шешімімен, Өңірлік кеңестің келісімімен Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры лауазымына Телебай Бағдат Ғазизұлы тағайындалды.
Бағдат Телебай 1981 жылы Алматы қаласында туған. Мамандығы – экономист, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті инвестициялық жобаларды талдау басқармасында жетекші маман ретінде бастаған. Бұл мекемеде басқарма басшысы лауазымына дейін көтерілген.
2007 жылдан бастап «Қазинформ» ұлттық компаниясы» АҚ Экономика және даму жөніндегі вице-президенті лауазымын атқарды.
2010 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2012 жылы осы лауазымды Қарағанды облысы әкімдігінде жалғастырды.
2014 жылдан бастап «Атамекен» ҚР ҰКП құрылымында жұмыс істеп келеді, оның ішінде Өңірлік даму департаментінің директоры, Қаржылай емес қолдау департаментінің директоры, Басқарушы директор қызметтерін атқарды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: