«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес ауыл шаруашылығындағы ережелердің өзгеруіне үреймен қарайды

2018 жылғы 27 Ақпан
13185 просмотров

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Агроөнеркәсіп комитетінің кеңейтілген отырысында мәлім болды

 Комитет төрағасы Иван Сауэр жиынның күн тәртібіндегі мәселелерін белгіледі: ҚР Ауыл шаруашылығының қаржылық құралдардың қол жетімділігі бойынша жаңа әдістері және мал шаруашылығына бағытталған субсидиялаудың ережелеріне қатысты өзгертулері (оның ішінде мал шаруашылғындағы кооперациялар бойынша).  

ҚР Ауыл шаруашылығы Инвестициялық саясат департаменті директорының міндетін атқарушы Азамат Хамиев қаржылық құралдардың қолжетімділігіндегі жаңа тәсілдерге қатысты баяндаманы таныстырды (танастырылымды мында жүктеп алуға болады).

 

«Бұл қаржы құралдардың мәні барлығына бірдей түсінікті емес, сондықтан бизнестің екі мақсатын бірден белгілеуді сұраймыз: бұл ауыл шаруашылығы жабдығымен қамтамасыз ету және екіншісі – бұл әр шаруа қожалығы дамуына арналған «арзан және ұзақмерзімге берілетін қаражат». Міне, бүгінгі таңда ең қажетті екі құрал», – деді Қазақстанның Картоп және көкөніс өсірушілер одағының төрағасы Қайрат Бисетаев.

Осы ретте  «ретроспективті жобалар» бойынша шешімдер қалай қабылданатыны белгісіз, осы мақсаттарға қанша қаржы бөлінеді? Бір саладан тартып, екінші салаға саламыз, осы әрекет мемлекеттік бағдарламаларда шексіз қайталанады. «Агробизнес-2020» бағдарламасы болды, содан кейін 2017-2021 жылдарына арналған «Агроөнеркәсіпті дамытудың жаңа бағдарламасы» қабылданды. Ары-бері әбігерленуді қою керек. Ойын ережелері де қосалқы салаларды субсидиялау сияқты үнемі өзгеріп отырады», – деді Абылай Мырзахметов.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рустам Құрманов министрлік қаржыландыру құралдары бойынша анағұрлым «түсінікті» ақпаратты береді деп сендірді.

Күн тәртібінідегі екінші мәселе бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығы департаменті директоры Азамат Сағымбаев баяндама жасады (танысытырылымды мында жүктеуге болады).

 Жиын барысында ет-сүт бағыты (Сансызбай Өмірбеков), қой шаруашылығы бағыты (Тынышбай Досымбеков), жылқы шаруашылығы (Серікбай Рзаев), шошқа шаруашылығы (Мгер Тертерян), омарта шаруашылығы (Анатолий Добровольский) одақтарының төрағалары өз ұсыныстары мен ескертпелерін айтты. Олардың айтуынша жаңа ережелер жобасында субсидиялардың басым бөлігі етті ірі қараға бақытталған. Ал олардың салалары да өндірісте маңызы жоғары, сондықтан бұл салаларға да көңіл бөлуді сұрайды. Өз ұсыныстарын одақтар «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолдайды.

Сонымен қатар бизнес өкілдерінің де көзқарасы тыңдалды. «Кублей» ЖШС директоры Талғат Берекешевтің айтуынша егер 1500 орыннан жоғары бордақылау алаңдары субсидияланса, оларға көмек, сонымен қатар республика бойынша осындай алаңдар санын анықтау керек.

«Барлық айтылған дәйектер мен ұсыныстарды 2 апта ішінде қосып, жазбаша жинақтайық та ҚР Ауыл шаруашылығы министрілігне сараптамалық қорытынды жіберейік», – деп ұсынды Абылай Мырзахметов.

  Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері әр сала бойынша бөлек жұмыс істеу керек екенін алға тартты.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер