«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы мониторингтік топ бизнесті қорғайды

2018 жылғы 27 Ақпан
- Атырау облысы
9612 просмотров

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында кәсіпкерлердің мүддесі арнайы мониторингтік топ қорғайды. Атырауда бұл топты Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрайымы Әлия Бекқожиева басқарады

Топ өкілдері туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте өз қызметінің алғашқы нәтижесі туралы есеп берді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің жанындағы арнайы мониторингтік топ былтыр құрылған. Оның құрамына мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық ұйым мүшелері, белсенділер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша аппаратының басшысы кірді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы мониторингтік топ құрудың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалуына сыртқы талдау мен баға беру. Былтыр топ 3 жиын өткізді, онда 9 мәселе қаралды. Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік 3 органда және квазимемлекеттік сектордың 1 субъектісіне сыртқы талдау жүргізілді, оның нәтижесінде облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға 38 ұсыным берілді. Бүгінде оның 32-сі орындалды», – деп баяндады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов.

Мемлекеттік орган басшысы атап өткендей, бизнестің құқығы мен мүддесін қорғау – арнайы мониторингтік топ қызметінің басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта бизнес-омбудсменнің жергілікті аппаратымен бірлесіп жұмыс атқарылып келеді. Мысалы, былтыр Жылыой ауданының басышылығы және кәсіпкерлері қатысқан ауқымды басқосу өтті, оның нәтижесінде жергілікті билікке бірқатар әкімшілік кедергілерді жоюға қатысты ұсыныстар берілді.

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің Атырау облысы бойынша секторының жетекшісі, өңірлік Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сәрсенбай Жолдыбаевтың пікіріне сүйенсек, назар аударатын басты мәселесі – бизнестің заңнаманы білуі.

«Кез келген тексеруші ең алдымен заңнаманың нормаларына сілтеме жасайды, сондықтан бизнес заңды жақсылап білуі тиіс. Соңғы уақытта заңнамада көп өзгеріс орын алды. Мысалы, биылдан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді, жер заңнамасына, әкімшілік кодекске түзетулер енді. Былтырдан бастап бірқатар бапта бизнеске әкімшілік айыппұл орнына ескерту беру тәжірибесі енгізілді, биылдан бастап, мұндай шара Әкімшілік кодекстің 52 бабында қарастырылған», – деді Сәрсенбай Жолдыбаев.

Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, сондай-ақ Атырау облысы соты мен прокуратурасы арасында бизнестің құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған іс-шаралар Жоспары бар.

Арнайы мониторингтік топтың биылға арнаған жоспарына облыстағы барлық аудандарын аралау енгізілді. көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту мақсатында қоғамдық бақылауды енгізу белгіленген. Топ қызметінің нәтижесі тұрақты негізге халыққа таралып отырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер