«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы мен «Қазцинк» компаниясы ынтымақтастық аясын кеңейтті

2018 жылғы 27 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
5287 просмотров

Екі тарап отандық үлесті бірлесе дамытуға ниетті

Кездесуде жергілікті тауар, жұмыс пен қызмет жеткізушілерімен ынтымақтастық, өңірдегі өндірушілерді қолдау мәселесі қозғалды. Облыстағы 35 ұйымның басшылары бас қосты.

«Қазцинк» ЖШС коммерциялық талдау және дамыту қызметінің басшысы Татьяна Иванова атап өткендей, кәсіпорын отандық компаниялармен ынтымақтастықты арттырып, «Made in Kazakhstan» тауарлары мен қызметін сатып алу көлемін ұлғайтып келеді.

«Айтарлықтай маңызды міндет – өз айналаңдағы бизнесті дамыту. Біз қолда бар өндіріске серпін беріп, жаңадан құрылғандарға қолдау көрсетеміз. Біздің кәсіпорынның айналасында серіктес-кәсіпорындардың ауқымды шоғыры қалыптасты. Бұл дегеніміз отандық 600-ден астам компания, онда 70 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Біздің қағидамыз қарапайым, егер жергілікті тауардың сапасы мен қызметі, жеткізілуі шетелдік өнімнен кем болмаса, отандық өндірушіге басымық береміз», - деді Татьяна Иванова.

Басқосу алаңында жергілікті кәсіпкерлер серіктестік шарттарын сұрастырды. Шығыс Қазақстан облысындағы «Кэмонт» АҚ, «Силумин Восток» ЖШС, «ДСП Центр Усть-Каменогорска» ЖШС, «Триплекс» ЖШС, «SPJET» ЖШС секілді ірі компаниялардың өнімдері таныстырылды. Облыстағы кәсіпкерлер үшін компания ұйымдастыратын тауар мен қызмет алуға арналған байқау барынша ашық. Компанияның www.kazzinc-trade.kz сайтында «ашық терезе» қағидасымен қажетті ақпаратты толық алуға болады.

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, облыс басшылығымен бірлесіп отандық тауар өндірушілерге жан-жақты қолдау көрсету шаралары жүргізіліп жатыр. 2018 жылға арналған тапсырма – құрылыс саласындағы жергілікті қамту үлесін 93,5%-дан 95%-ға дейін арттыру, денсаулық сақтау саласнында – 60%-дан 65%-ға, білім беру – 89%-дан 93%-ға, әлеуметтік салада – 88%-дан 93%-ға, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықта - 87%-дан 90%-ға дейін. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер