«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірлесе форум өткізеді

2018 жылғы 26 Ақпан
5786 просмотров

28 ақпан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша кәсіпкерлердің республикалық ІІ форумы өтеді

Форумға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық өкілдері қатысады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы серіктестік туралы Келісімді жүзеге асырудағы Жол картасының жұмысы күн тәртібіндегі басты мәселе.

Форум аясында бизнес-қауымдастықтың қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың социологиялық өлшемі  таныстырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша серіктестіктің жаңа бастамалары айтылады. Сонымен қатар, «кедендік әкімшілендіру», «салық салу», «сатып алулар мен құрылыс», «жер мәселелері» бойынша диалогтік аймақтар өткізілетін болады.

Іс-шара Астана қаласы, Абай көшесі 33 мекенжайында өткізіледі, басталуы 15:00-де.

Форум Atameken Business Chanell және Facebook әлеуметтік желісіндегі «Атамекен» ҚР ҰКП ресми парақшасында тікелей эфирмен көрсетілетін болады.

 Еске салсақ, 2016 жылы 5 желтоқсан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша алғашқы Республикалық кәсіпкерлер форумы өткен болатын. Форум жұмысы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы серіктестік туралы Келісімді жүзеге асырудағы Жол картасына қол қойылды.

Жол картасы аясында 2017 жылдың басынан бірлеске қоғамдық мониторинг 16 сала бойынша сыбайлас жемқорлық қауіпін біріктірді: салықтық және кедендік әкімшілендіру, ауыл шаруашылығы, құрылыс және қала құрылысы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мал дәрігерлік қадағалау, өрт қауіпсіздігі және т.б.

Мониторингтің қорытындылары «Атамекен» ҚР ҰКП, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, жоғарыда көрсетілген салаларға жауап беретін уәкілетті мемлекеттік органдар, қоғам, барлық өңірлердегі кәсіпкерлер палатасы видео-конференц байланыс арқылы қатысқан отырыстарда айтылды. Орталық мемлекеттік органдар бойынша 139  ұсыныстар дайындалды. Ұсыныстар негізінде мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған іс-шаралар жоспарын бекітті.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер