«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бәсекеге қабілеттілікті қалай жақсартуға болады?

2018 жылғы 26 Ақпан
- Шымкент қаласы
12404 просмотров

Ұлттық бәсекеге қабілеттілік деңгейінің бағасы бизнестің пікіріне көп тәуелді болмақ
 

Бұл туралы Шымкент қаласында өткен кәсіпкерлер мен орталық мемлекеттік орган – ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Ішкі істерминистрлігі,  ҚР Әділет министрлігі өкілдері және «Атамекен» ҚР ҰКП,  ҚР Жоғарғы соты мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерімен өткен кездесуде айтылды.

Бұл кездесудің негізгі мақсаты кәсіпкерлерге ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексі рейтингінде Қазақстанның көрсеткішін жақсарту шеңберінде бизнес-климатты жақсарту үшін жетістіктер, реформалар мен саясат туралы толық және жан-жақты ақпарат беру болып табылады.
Кездесу барысында Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексі беделді халықаралық рейтингтердің бірі болып табылады және оған қатысу өте маңызды, себебі ол әлем мемлекеттерінің экономикалық дамуына тәуелсіз бағалау болып табылатындығы туралы сөз қозғалды.

Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексі 119 көрсеткішті қалыптастырылған, олардың 34-і статистикалық деректердің нәтижелерінен, ал қалғандары – еліміздің орта және ірі кәсіпорындарының басшыларына жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша. Жақында Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексі рейтингісінде Қазақстанның жағдайы 4-5 сатыға азайған. Бұл сондай-ақ, кәсіпкерлердің елдегі барлық салаларда жүргізіліп жатқан реформалар туралы, кәсіпкерлік қызметті жетілдіру туралы заңдардағы жаңалықтар туралы және т.б. салалардан хабарларының аздығынан болып отырған жағдай.

«Дүниежүзілік экономикалық форум әрбір елдің кәсіпкерлерімен сауалнама жүргізеді. Сауалнама 114 индикатордың 80-і болып табылады. Егер кәсіпкерлер елдегі реформа, жетістіктер және іске асырылған саясат жаңалықтарынан бейхабар болса, олар сауалнаманы алған кезде олар көрсетілген сұрақтарға сенімді жауап бере алмайды. ДЭФ ақыр соңында Қазақстандағы ахуал туралы жансақ пікірге ие болады», – деді ҚР«Атамекен» ҰКП сарапшысы Жомарт Махмут.

Өз сөзінде ол «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасыны құрылғаннан бері Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізіп отырған барлық реформаларға белсене қатысатындығын және палата қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Атап айтқанда, бұл әкімшілік кедергілерді  анықтау және алып тастау, заңнаманы жетілдіру, кәсіпкерлерді оқыту, жобаларды сүйемелдеу және басқа да жұмыстар.

«Қазақстан жыл сайын кәсіпкерлік қызметті жақсарту туралы заңдарды қабылдайды. Мысалы, «Атамекен» ҰКП-ның Үкіметпен бірлескен жұмысының нәтижесінде 800 рұқсатты қысқартуға қол жеткізді. Егер 2011 жылы 1115 болса, бүгінгі күні 316 рұқсат құжаты қалды. Сондай-ақ, жыл сайын барлық салаларды қамтитын кәсіпкерлік қызметті түбегейлі жақсарту туралы заң жобасы жарияланады. Нәтижесінде, осы түзетулердің арқасында кәсіпкерлер жыл сайын 2 млрд теңгеге дейін қаражатты үнемдейді», – деді Жомарт Махмут.

Бұдан басқа, ҰКП және Ұлттық экономика министрлігінің түбегейлі ұстанымы арқасында 2016-2017 жылдары бизнестің қызметіне бақылауды қатаңдату бойынша мемлекеттік органдардың 90%  ұсынысына кедергі бола білді. Осылайша, мемлекеттік органдардың 193 бастамасы бұл фильтрден аса алмады.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп бизнестің реттелуі бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Нəтижесінде іріктеу тексерулері жойылды, мемлекеттік органдардың бақылау функциялары 30%-ға, кәсіпкерлерге қойылатын талаптардың саны 56%-ға қысқарды, ал тексерудің мерзімі 50%-ға азайды. Заң қабылданғаннан кейін 1100-ден астам тексеруші қысқартылады», – деді Жомарт Махмут.

Басқа мемлекеттік орган өкілдері рейтингте өз ұстанымдарын жақсарту үшін қабылданатын шаралар туралы толығырақ тоқталды.
Кездесуде айтылғандай, Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаһандық индексі рейтингісінде одан әрі насихаттауы дамыған елдермен бәсекелестіктің өсуіне байланысты бәсеңдемейтін болады, өйткені біз рейтингте жоғары болған сайын, бәсекелестеріміз неғұрлым маңызды болмақ. Үйлестірілген жұмыс қана ұйымдастырылған түрде, әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына енуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында кәсіпкерлер мүдделі мәселелерді тікелей орталық мемлекеттік органдардың өкілдеріне айту мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара барысында ОҚО-да сәулет және құрылыс саласындағы білікті мамандардың тапшылығы, жанар-жағармай нарығын монополиялау және қалалық биліктерімен  ұзақмерзімді жоспарлардың болмауы салдарынан  құрылыс саласында бизнес жүргізу қиындықтары талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер