ҚР Кәсіподақ федерациясы жол картасының жаңа форматы
Таяуда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым Алматы қаласы аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне жұмыс бабымен келді.
Жұмыс сапары аясында Алматы қаласы кәсіподақ белсенділерімен, «Нұр Отан» партиясы, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесті.
Басқосуда «ҚР Кәсіподақ федерациясының Жол картасын» жүзеге асыруға қатысты мәселелер талқыланды. Бақытжан Әбдірайым әлеуметтік әділдік пен әлеуметтік серіктестік қағидаларын дамыту, әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқығы мен жұмысшылардың мүддесін жақсарту, кәсіподақтарды нығайту және біріктіру, қоғамда, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та кәсіподақ имиджін күшейтуге қатысты мақсаттар туралы нақты баяндады.
Спикер Кәсіподақ туралы заңға, Федерацияның бағдарламалық және жарғылық құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге басты назар аударды.
Жиынға Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының мамандары белсене қатысты.
Адами капиталды дамыту бөлімінің 1-санаттағы сарапшысы Жанат Ертаев Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының қоғамдық сананың жаңғыруы мен Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асырудағы ролі туралы айтты. Бұл бағдарлама еңбек нарығында кәсіби машығы мен білігі бар сұраныстағы мамандарды алудың тиімді жүйесін құруға, еңбек аралығындағы тиімді үлгіні құруға бағытталған.
«Атамекен» ҚР ҰКП алаңы арқылы кәсіподақ меншігіндегі материалдық-техникалық базаны жаңарту үшін инвестицияны тартуға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидасын қолдана отырып белсене қатысу. Атап айтқанда, кәсіподақ инфрақұрылымының нысандарын бірлесіп қайта құру және пайдалануға беру үшін инвестициялық және басқару әлеуетін қоғамдық меншік активтерімен біріктіру», - деп ұсыныс білдірді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мәселелері жөніндегі маманы Қайрат Қасенов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: