«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өмірін өнермен өрнектеген

2018 жылғы 23 Ақпан
- Маңғыстау облысы
4508 просмотров

Мерей Бекежан - Қарақиялық жас кәсіпкер

Жас та болса, кәсіпке қадамы нық азамат. Жетібай кентінен фитнес зал ашып, ауылдықтар үшін жұмысын бастап кетті. Екінші топтағы мүгедектігіне қарамастан, жоспары берік, мақсаты айқын. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасындағы «Атамекен» микроқаржы ұйымынан 4 млн.теңге несие алған. Әзірге, фитнес орталықта түске дейін оқушылар айналысса, кешке ересектер спортпен шұғылданады. Ал, мүгедек балаларға кіру тегін. Осындай ерекше тұсын айта кеткеніміз орынды болар. Осыдан бірнеше күн бұрын облыстық телеарна тілшілері кәсіпкеріміз туралы хабар таратса, күні кеше Республикалық арналардың тілшілері Мерей жөнінде кішігірім хабар дайындап, оның ісін бүкіл Қазақстан жұртшлығына ұсынды. Еселі еңбектің нәтижесі бұл. Ескерілгені қандай жақсы.

Мерей БЕКЕЖАН – фитнес орталық ашу әуелдегі арманым. «Жігітке жеті өнер де аз» - демекші мен Ақтаудың өнер колледжін бітіргенім. Арасында сурет салатын өнерімде бар. Өмірімді өнермен ұштастырдым. Сол студенттік шақтарда спортпен шұғылданып, неге осындай орталық ашпасқа деп көп ойланатынмын. Енді, міне сол ойды жүзеге асырудың күні туды. Барлық қолдау көрсеткен ағайындарға, әсіресе «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына алғысымды білдіремін. Бастысы ниет ағайын! Ал, екі қолға бір күрек қашанда табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер