«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шығыста жоғары оқу орнының жанынан стартап-академия ашылады

2018 жылғы 22 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
4970 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы университетте семинар өткізу үшін бизнес-жаттықытрушыларды шақыруға, бизнес ашуда және жүргізуге қажетті машықты үйретуде, кәсіпкерлікті дамытуда, бизнес-жоспар және стартап-жоба дайындауда ШҚО кәсіпкерлер палатасы мамандарынан кеңес алуға көмектеседі.

«Білім беру және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес университетте кәсіпкерлік ойлауды құру туралы көсретілген. Бағдарлама аясында студенттердің идеясын коммерциализацияға айналдыру үшін стартап-академия ашқымыз келеді. Бастамасы жасалды деген ойдамыз. «Менің арманым» республикалық байқауы өтті. Біздің студенттердің екі жобасы республикалық кезеңге жолдама алды. Алдағы уақытта осындай жобалардың қатарын арттыруды жоспарлап отырмыз. Күзге таман стартап-академияны ашамыз», – деп хабарлады С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры М.Төлеген.

Еске салсақ, Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы мен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасап, іскерлік серіктес атанды.

Ынтымақтастық бағытының бірі – маңызды тақырыптар бойынша бірлескен ғылыми-тәжірибелік конференция, танымдық, оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибелер өткізу, университет түлектерін жұмысқа орналастыруға көмектесу және басқа да іскерлік қызмет түрлерін атқару.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер