«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес-процестерді жетілдіруге не көмектеседі?

2018 жылғы 22 Ақпан
- Павлодар облысы
9398 просмотров

Бұл мәселе мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен, сондай-ақ бизнес ахуалға әсер ететін басқа да бірқатар фактормен байланысты

Бұл туралы Әділет департаменті, Халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдері мен кәсіпкерлердің кездесуінде айтылды.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімішілік кедергілерді төмендету бөлімінің басшысы Лашын Баймағамбетованың айтуынша, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметінің басым бағыттарының бірі кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету және дамыту, бизнес жүргізуге оңтайлы және тиімді жағдайды қалыптастыру.

Жайлы бизнес-ортаны құруға тікелей әсер ететін фактордың бірі – бизнес-қоғамдастыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы.

«Бизнеске арналған мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселесінің маңыздылығын ескере отырып, біз кездесуді Палата алаңында өткіздік. Кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар бизнес-процестерді жетілдіруге не көмектесетінін талқылады. Инвестициялар және даму министрлігі 141 қызметті жетілдіру бойынша ұсыныс енгізді. Мұнда жайт қызмет көрсету мерзімін қысқарту және қызмет алу үшін берілетін құжат санын азайту туралы айтылды», – дейді Лашын Баймағамбетова.

Мұнымен қоса, сарапшы мемлекеттік қызметтің сапасы кәсіпкерлікті дамытуда ғана емес, жалпы қоғам үшін маңызды екенін атап өтті. Бұл елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының көрсеткіші. Жүргізілетін жұмыстың басым индикаторы – Жаһандық бәсекелік қабілеттік индексі, халықаралық маңынды рейтингтің бірі.

Мемлекеттік орган, Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері заңнаманың қай нормалары өзгертіліп, бизнес-ахуалды жақсартуға қалай әсер ететінін, мемлекеттік қызмет тиімділігін жақсарту мен арттыру туралы баяндады.

Облыстық әділет департаменті жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Жанар Жандарбекова заңнаманы гуманизациялау мақсатында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 460-бабы өзгертілгенін атап өтті.

«Мысалы, қазір жеке немесе заңды тұлғаларды жылжымайтын мүлікке құқық беруге мемлекеттік тіркеуге құжат берудің бекітілген мерзімін бұзса, оған ескерту беріледі.  Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу мүліктің толық иесі болу үшін, алаяқтықтан сақтап, алдағы уақытта кез келген операцияны кедергісіз орындау үшін маңызды», – деді Жанар Жандарбекова.

Мұнымен қоса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте 466-бапқа түзетулер енгізілген, ескерту түріндегі жазаға қол жеткізілді. Бұған дейін қайта тіркеу немесе өзгерту енгізу тәртібін бұзған жағдайда, заңды тұлғаға айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылады, қазіргі таңда бірінші рет бұзса, ескерту беріледі.

Тағы бір жағымды жайтты Әділет департаменті заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ернұр Қожамжаров айтты.

Таяуда ғана ақпан айында электронды үміте порталында жаңадан «Банк шотын ашу және қызметкерді еңбек, қызмет міндетін атқару кезіндегі қайғылы жағдайлардан міндетті сақтандыру есебімен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу» қызметі ашылды.

«Енді кәсіпкерлік субъектісін ашқанда заңды тұлғаны тіркеу процедурасымен қатар екінші деңгейлі банкте шот ашуға, сондай-ақ қызметкерді төтенше жағдайдан сақтандыруға болады. Бұл кәсіпкерге банкке, сақтандыру компаниясына бармай-ақ уақытын, қаражаты мен күш-қуатын үнемдетеді», – деді Ернұр Қожамжаров.

Лашын Баймағамбетова кәсіпкерлерге арналған реинжиниринг қызметінің мәселесі айтарлықтай мәнге ие екеніне назар аударды.

«Қазіргі таңда көрсетілетін қызметтерді жетілдірудің қажеттілігі туды, бұл сөзсіз бизнес-ахуалды жақсартуға оң әсер етеді. Мұнымен қоса мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір бағыттағы ортақ жұмысты жалғастыру керек», – деп атап өтті Лашын Баймағамбетова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер