«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дана Жүнісова: «Біздің міндетіміз – Қазақстан бизнесінің бәсекелік қабілеттілігін арттыру»

2018 жылғы 19 Ақпан
5211 просмотров

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Бәсекелік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқасының мүшесі Марат Құсайыновтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің монополияға қарсы қызметі басшыларының жиналысы өтті. Кездесу ЕАЭО трансшекаралық нарығында бәсекелестікті қорғау контексінде бизнеспен өзара қимылын күшейту мәселелерін талқылау тақырыбына арналды.

Жиналысқа қатысушылар атап өткендей, бизнес өкілдері көбіне ЕАЭО-ның бәсекелестікті қорғау туралы заңнамасын нашар түсінетінін, сондай-ақ өз мүддесін қорғауға дайын еместігін көрсетіп келеді.

«Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарығында бәсекелік ортаны нығайту және қолдау үшін Еуразиялық экономикалық комиссия бизнесті өз құқығы мен мүддесін қорғау негіздеріне оқыту бастамасын көтерді, себебі бизнес нарықтағы жекелеген қатысушылардың монополиялық тәжірибесінен зардап шегуі мүмкін», – деп есептейді Марат Құсайынов.

Бәсекелестіктің ортақ ережесін бұзуға жол беру бөлігіндегі ЕАЭО-ның қолданыстағы құқығы бүгінде тым қаталдығымен сипатталады, себебі жазалаудың жалғыз шарасы айыппұл, сонымен қатар алдын алу және ескерту сипатындағы шаралар жоқ.

Маран Құсайынов ЕАЭО құқық қолдану тәжірибесінде ескерту және кеңес беру құралдарын енгізу бизнеске түсетін әкімшілік ауыртпалықты төмендетуге, бәсекелестікті аз шығынмен қалпына келтіруге және оның шектеулі зардаптарын жоюға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

«Бүгінде «Атамекен» ынтымақтастық туралы Меморандум аясында Комиссиямен ЕАЭО нарығында бизнестің мүддесін қорғау, бәсекелестік ортаны қолдауға қатысты жұмысты бірлесіп атқарып келеді. Таяу арада Комиссия, монополияға қарсы комитет, бизнес және  қоғамдық бірлестік өкілдерінің қатысуымен Одақтың монополияға қарсы құқығын, ЕЭО нарығында жұмыс істейтін кәсіпкерлерің құқығы мен жауапкершілігін түсіндіруге қатысты бірқатар іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Біздің басты мақсатымыз – ортақ нарықта Қазақстан бизнесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру», – деп атап өтті өз кезегінде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова.

Жиынға қатысушылар Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО құқығына трансшекаралық нарықта бәсекелестіктің ортақ құқығын бұзуды ескерту және алдын алу институтын енгізу туралы бастамасын, сондай-ақ ЕАЭО-да бәсекелестікті авдвокаттау (бизнестің хабардарлығын арттыру)  бойынша 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын мақұлдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер