«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палатада «Астана–1» ақпараттық жүйесіндегі «импорт» қосымша жүйесінің бизнес-процесін талқылады

2018 жылғы 19 Ақпан
6022 просмотров

«Атамекенде» бейне-конференция режимінде кезекті жиналыс өтті. «Астана–1» тауарларды электронды декларациялаудың ақпараттық жүйесіндегі «импорт» қосымша жүйесін тестілеуде туындаған мәселелерге арналды.

Басқосуға «Атамекен» ҚР ҰКП Кедендік әкімшіліктендіру департаменті директорының орынбасары Эльвира Кәрімова жетекшілік етті. Жиынға кеден декларанттары, бизнес-қауымдастық пен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті комитетінің өкілдері, кәсіпкерлер, Өңірлік палаталар арқылы жергілікті бизнес өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушылар мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің «Астана–1» АҚ «импорт» қосымша жүйесінің бизнес-процестері туралы жасаған таныстырылымын талқылады, сондай-ақ, тарифтік емес реттеу шаралары бойынша анықтамалықты қолдану және кеден төлемдері мен салықтарын төлеуді (ҚҚС, жеңілдік, бөлім төлеу, мерзімін ауыстыру) бақылау тәртібі, сондай-ақ Кедендік ереже мен норма бойынша жеңілдік пен босату беруді бақылау тәртібіне мәселесіне қатысты сауалдар қойылды.

ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы басшысының орынбасары Үмітгүл Губашева тауар декларациясының 13, 33 және 47 бағандарын толытруға қатысты сауалдарға жауап берді.

Мұнымен қоса, бизнес өкілдері Еуразиялық экономикалық комиссияның тауар декларациясы бағанын толтыру үшін талап етілетін көптеген нормативті актісін білу, ақпараттық жүйедегі кэшті тазалау және қайта қосу процедурасының ұзақтығы секілді электронды декларациялаудағы ыңғайсыздық тудырған жайттарды атады. Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл жағдай кеден декларанттарының жұмысын  айтарлықтай кешеуілдетеді.

Жиын қорытындысында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті таяу арада «Астана–1» АЖ қолданушыларының сауалдарына жауап пен өңірлердегі кәсіпкерлерді оқытатын семинардың кестесін жолдайтындығы туралы шешім қабылданды.

Хаттама

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер