Елордалық туризм қауымдастығы «Zhibek Zholy. Kazakhstan» фотокөрмесіне шақырады
Көрмеге «Zhibek Zholy. Kazakhstan» байқауына қатысушылардың үздік жұмыстары қойылады
Астанада 15-23 ақпан аралығында «Керуен» сауда-сауық орталығының 2-қабатында «Zhibek Zholy. Kazakhstan» сурет көрмесі өтеді. Бұған дейін көрме Алматы, Тараз, Шымкент қалаларында ұйымдастырылды.
Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары Қазақстанның Ұлы Жібек жолындағы ғаламат керуеннің ізімен саяхаттай алады. Тарихи және мәдени мұрамен танысып, тамаша табиғат көріністерін тамашалап, заманауи Жібек жолында өмір сүріп отырған халықтың тұрмыс-тіршілігін көруге мүмкіндік туып отыр.
Сурет көрмесіне Қазақстанның кәсіби фотографтарының, сондай-ақ талантты әуесқойлардың жұмыстары қойылады.
Еске салсақ, «Zhibek Zholy. Kazakhstan» сурет көрмесін 2017 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Елорданың туризм қауымдастығы, Еуразиялық туризм қауымдастығы және «Оңтүстік Қазақстан облысы туризм индустриясын дамыту орталығы ұйымдастырды. Шараның мақсаты – Қазақстан Жібек жолының туристік әлеуетін, оның тарихи-мәдени мұрасын, халықтың өмірін, тамаша табиғаты мен бірегей туристік нысандарды ашу.
Байқау Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жабыл облыстарында 2017 жылдың қараша айында өткен «Қазақстанның Ұлы Жібек жолымен саяхат» фестиваліне орайы ұйымдастырылған. Фотобайқауға Қазақстанның әр өңірінен 180-нен астам жұмыс жолданды. Үздік сурет жеңімпаздарына Marriott Astana, Rixos President Astana, Canvas Hotel Shymkent қонақ үйлері, Explore CentralAsia туроператоры, Astana CityPASS компаниясы, «Алаш» этноауыл, «Экспедиция Юг» туристік компаниясының атынан сыяпаттар табысталды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: