«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарда «Бизнес Кеңесші» ерекше тыңдаушыларға арналды

2018 жылғы 16 Ақпан
- Павлодар облысы
7979 просмотров

Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандар деп бөлінетін топтың мүмкіндігін кеңейтуді, жеке ісін ашуға көмектесуді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қолға алды

Медициналық көрсеткіштердің қорытындысынан мүмкіндіктері шектеулі екендіктерін білген жандардың тұлға ретінде дамып, жеке кәсібімен айналысуы оңай емес. Дегенмен, қанша бөгет болса да, олар мойымай, ізденіп, тырмысып, жетістікке жетуді қалайды. Олардың арманына бір қадам жақындауына «Бизнес Кеңесші» курсы көмектеспек.

Оның үстіне бизнес-тренерер курсты арнайы орынға барып өткізеді. Тыңдаушыларға ыңғайлы болу үшін сабақ «Самал» оңалту орталығындағы мүгедектердің қоғамдың бірлестігінде өтеді.

Орталықта жеке кәсіппен айналысатын және өз ісін ашқысы келетін ересек тәрбиеленушілер кәсіпкерлік негіздерінен білім алады.

«Бүгін мен тыңдаушылардың ерекше қатарына сабақ беремін. Шындығына келсек, олардан үйренетініміз көп. Олар білім алуға құштар, пайым-парасаттарын кеңейтіп, табыс алып келетін қызметтің жаңа түрін меңгеруге ұмтылады. Біздің міндетіміз – иедяларын жүзеге асыруға көмектесу», – дейді Кәсіпкерлер палатасының бизнес-жаттықтырушысы Ақмарал Сайтқұлова.

Танысу барысында тыңдаушылар өздері жайлы ақпарат беріп, бизнес идеяларымен бөлісті.

Орталықта кәсіппен айналысатын 4 тәрбиеленуші бар. Олардың бірі – 2017 жылы «Бизнес Кеңесші» курсынан өткен «Шиллер» жеке кәсіпкерлігі. Дөңгелек жөндеу шеберханасын ашып, оңалту орталығының екі тәрбиеленушісін жұмысқа алған.

«Самал» оңалту орталығындағы мүгедектердің қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Нина Москаленконың айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуіне кәсіпкерлікке баулу көмектеседі.

«Кәсіпкерлікте алғашқы қадам жасаған тәрбиеленушілер бар. Олардың көбіне отбасы мүшелері көмектеседі. Алайда осы салада білімі жетпегендіктен, түрлі қиындықтар туындайды. Сондықтан Кәсіпкерлер палатасынан мамандарды шақырдық. Біздің балаларымызға көмектесе отырып, ертеңгі күнге, болашаққа деген сенімдерін нығайтамыз», – деді Нина Москаленко.

Мысалы Кирилл Десятков гипстен түрлі кәдесыйлар мен басқа да бұйымдарды жасайтын шығармашылық орталығын ашқан.

Лаура Нұрмұханова – наубайханашы-аспаз, осы саладағы бизнесті қолға алды. Ал Алина Сафронова тігіншілікпен айналысады. Луиза Сусуркиева тырнаққа арналған студия ашқысы келеді.

«Жастарға өздерін дамытуға, ақша табуға мүмкіндік беріп, үміт отын сыйлау маңызды», – деп атап өтті Ақмарал Сайтқұлова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер