«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Беларустық жеткізуші қазақстандық кәсіпкер алдындағы 2,2 млн теңге көлемінде қарызын өтеді

2018 жылғы 14 Ақпан
3100 просмотров

Ақтау қаласындағы  «ФудМит»  ЖШС беларустық «Автотрансдизель» жеке кәсіпорнына шағым жасады

2017 жылдың сәуір айында екі тарап сұраным бойынша жұмыс істеу шарттары бойынша жеткізілім шартын жасасты. «ФутМит» ЖШС-ның бірінші сұраным бойынша 3,5 млн ресейлік рубль сомасында 406 мың рубльге көлемінде ғана  ет өнімі жеткізілді.

«Атамекен» шағымды тікелей жеткізушіге және Белорусь сауда-өнеркәсіп палатасы мен Беларусь Республикасындағы Қазақстан елшілігіне өтінім жібереді.

 «Беларусь Республикасындағы әріптестер жеткізушіге жылдам шығып, одан орын алған жағдай бойынша жазбаша түрде түсінік беруді талап етті. 2017 жылдың 29 желтоқсан күні  «Автотрансдизель» жеке кәсіпорынды жауабымен хат жібердә, онда 2018 жылдың 1 тоқсанында сатып алушымен толық есептесетіні жайлы айтылған. Биыл біз жеткізушіге қоңырау шалып, істің мән жайын білдік. Нәтижесінде қарыз толық қайтарылғаны туралы хабардар болдық», – деді ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау департаментінің сарапшысы Шыңғыс Теміров.

Кәсіпкердің қорғалған мүлік көлемі 406 мың рубль немесе шамамен 2,2 млн теңге.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер