«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жүргізушілердің аздығы жолаушылардың қауіпсіздігіне әсер етеді

2018 жылғы 13 Ақпан
- Қарағанды облысы
8733 просмотров

Қарағандыдағы тасымалдаушылар үшінші тұлғалардың көлігін пайдаланады. Бұл туралы Қарағанды облысы автокөлік кәсіпорындарының қауымдастығы хабарлады

«Бүгінде қалалық маршруттарға субсидия бөліндейді. Осыдан келіп мәселе туындайды. Техниканың ескіруі, тасымалдаушылар арасындағы бәсекелестіктің жоқтығын атауға болады. Қаладағы автобустардың 20-25% жүргізушілердің аздығынан пайдаланылмайды. Егер субсидиялау мәселесі шешілсе, жүргізушілер қатарының аздығын да шешуге болады», – деп атап өтті «Қарағанды облысы автокөлік кәсіпорындарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Айнитдин Буралкин.

Мұнымен қоса, мемлекет автокөлікпен тасымалдау саласына инвестиция тартуға мүдделі болу керектігін айтты. Әйтпесе, осы саланы дамытуға бизнесті қатыстыру керек.

Бізге белгілісі, еліміздің 7 өңірінде жекелеген субсидиялау жүргізіледі. Қауымдастық басшысының бұған айтар өз уәжі бар.

«Жекелеген» деген сөздің астарында 40%, 50% немесе 60% айтылады, яғни жекелеген дегенді әртүрілі түсінуге болады. Субсидиялау туралы айтқанда нақты сан немесе пайыздық қатынасты келтіру керек», – деді Айнитдин Буралкин.

Ресми дерек бойынша, Қарағандыда 9 автокөлікпен тасымалдаушы тіркелген, оның ішінде 3 автобус паркі бар, 6 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі. Барлығы да байқауды жеңіп, келісімшарт негізінде жұмыс істейді.

Айнитдин Буралкиннің айтуынша, 2 автобус паркінен басқа, 7 тасымалдаушы автобустарды сырттан алады. Осыдан келіп жосықсыз бәсеке орын алады, бұл жолаушылардың амандығына қауіп төндіреді.

Автобус паркінің директоры Артур Григорянның айтуынша, соңғы рет 2013 жылы 35-40%-ға жаңартылған. Сондықтан парк 1960 жылдары құрылғанына қарамастан, парктің орташа жылы – 18 жыл.

«Бізде тариф реттеледі, ал субсидия жоқ. Осыдан келіп әрдайым білікті мамандар жетпейді. Мысалы парк балансында 554 техника бар және  450-дей жүргізуші жұмыс істейді. Тиісінде бізге штатқа 100 адам керек. Келе салған жүргізушіні алған орынсыз. «Д» категориясы бар жүргізуші куәлігін алу керек, яғни автобусты жүргізу оңай емес. Автобусты тәжірибелі мамандар айдау керек», – деп түсіндірді Артур Григорян.

Парк басшысы сонымен қатар, автобус жүргізушілерінің танымалдылығын еңбекақысын арттыру арқылы көтуру керектігін айтты. Автопарк базасында арнайы оқытатын және қайта дайындайтын сынып бар. Алайда бірден «Д» категориясына қайта дайындауға мүмкіндік жоқ, микроавтобусты жүргізу тәжірибесі кемінде 3 жыл болу керек.

Туындаған мәселеге қарамастан 23 гектар аумақты алып отырған 3 автопарк заманнан қалыспауға тырысып келеді. Мұнда көлік құралдарын жөндейтін және отын жүйесіне қызмет көрсететін цех бар. Өз күштерімен қозғалтқыштың ішкі жануын еуро 4, еуро 5 стандартына сынау цехын салып жатыр. Тасымалдаушылардың барлығы бірдей материалдық-техникалық базаны жаңарта алмайды, тиісті субсидиялау болмаса, нарықта заңсыз бәсекелестер болғанда жұмысшылардың еңбекақысын да көтере алмайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер