Туризм саласындағы заңнама мәселелері Ұлттық палатада талқыланды
9 ақпанда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында «Қазақстан Республикасының туристік қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы тұжырымдамасының жобасын талқылау бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.
Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов, «Нұр Отан» партиясы, мемлекеттік орталық органдар, туристік қауымдастықтар, «Air Astana» әуккомпаниясы мен өңірлік бизнес өкілдері қатысты.
2017 жылдың 27 желтоқсанында өткен бірінші отырыс қорытындысы бойынша 6 қосымша жұмыс тобы анықталды: туристік сала субъектілерін кеңейту; инвестициялар және мемлекеттік қолдау шаралары; лицензиялау; инфрақұрылымды дамыту; «Kazakh Tourism» ҰК қызметі, сыртқы туризмді дамыту мәселелері.
«Атамекен жауапты болатын «Инфрақұрылымды дамыту» және «Инвестициялар және мемлекеттік қолдау шаралары» қосымша топтарының қызмет нәтижесі туралы Ұлттық палата Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева хабарлады.
«Инвестиция бойынша қосымша топ аясында біз халықаралық тәжірибеге талдау жасадық. Жұмыс нәтижесіне қарай, қызмет көрсету саласына басымдық ретінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің жаңа редакциясына инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қолдау шараларын қосымша енгізуді ұсынамыз. Мұнымен қоса, Үкіметтің №13 Қаулысына (ҚРҮҚ №13 «Инвестицияға мемлекеттік қолдауды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы») ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің берген ұсынысы аясында туризм саласындағы инвестициялық жобалардың ең төменгі шектік деңгейі көрсеткішін бес жүз мыңыншы АЕК көрсеткішіне дейін, бұл шамамен 1 млрд теңге, азайтуды ұсынамыз», – деп атап өтті Юлия Якупбаева.
Сонымен қатар Басқарма Төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына ұқсас етіп туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жасау қажеттілігі туралы ұсынысты алға тартты.
Жұмыс тобы мүшелерінің пікірі бойынша, аталған бағдарламада қаржылық құрамы болу керек, бұл 2025 жылға қарай ЖІӨ-де туризм үлесін 8% жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ туристік саланың инвестициялық тартымдылығын жақсартуға қатысты қолдау шаралары ұсынылды.
Өңірлік туризмді дамытуға қатысты мәселе де талқыланды. Туристік саланы 2023 жылға дейін тамыту Тұжырымдамасына сәйкес Шучинск-Бурабай курорттық аймағы секілді етіп алты туристік кластерде курорттық аймақты дамытудың кешенді шараларын кезең-кезеңімен жүзеге асыру жобасын дайындау қажеттілігі айтылды.
«Тұжырымдама аясында нарықтың кейбір қатысушылар орман қорының жерін «гектарға гектар» қағидасы бойынша алуға рұқсат беру ұсынылды. Ұлттық парктерде туризмді дамытуға келер болсақ, біз учаскелерді аймақтарға бөлуге, аймақтың ластануына жол бермеуге, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы инфрақұрылымды дамыту жобаларын жүзеге асыруға назар аударуды ұсынамыз. Ол үшін ерекше қорғаудағы табиғат аймақтарын дамытудың бас жоспарына сәйкес туристік қызмет саласындағы уәкілетті органмен тұжырымдаманы бекіту маңызды деп есептейміз. Сонымен қатар облыстық бюджетті республикалық мәндегі Ұлттық парктердің инфрақұрылымын дамыту үшін құрылыс нысандарына шығындауға рұқсат беруді ұсынамыз», – деп хабарлады «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.
«Туристік қамқор» КҚ атқарушы директоры Асылхан Есілов сыртқы туризмді дамыту жұмыс тобының ұсыныстарын айтты. Кәсіби қоғамдастық пайдаланатын «кеме жалдаушы-туроператоры», «блок-орындар», «туркод» секілді түсініктерді енгізу ұсынылды. Жұмыс тобына қатысушылардың пікірінше, туроператорлық компаниялардың жауапкершілігін бекіту үшін лицензияны бөлу және олардың сыртқы туризм саласында азаматтардың құқығын кепілдендіру жүйесіне кіру міндетін анықтау талап етіледі. Ішкі туризм саласында қызмет жүргізуді ынталандыру мақсатында ішкі туризм саласындағы туроператор қызметін ескертетін тәртіпте лицензиялауды алып тастауға алмастыруды қарастыру ұсынылды.
Лицензияны бөлуге қатысты ұсыныс қызу талқыланды. Ұлттық палата алаңында бұл мәселеде қосымша консультация жүргізуге шешім қабылданды.
«Лицензиялау» қосымша жұмыс тобының атқарылған жұмысы туралы хабарлағанда Рашида Шайкенова тұжырым жобасына қатысты ұсыныстар мен толықтырулар қабылданғанын атап өтті. Сондай-ақ турагенттік қатысуынсыз туроператордың жеке тұлғаларға тікелей турөнімді жүзеге асыруға тыйым салуды алып тастау ұсынылды. Қатысушылардың айтуынша, жекелеген туризмді дамыту үшін бұл қажетті. Қосалқы жұмыс тобы аясында «Ұйымдастырылған туризм», «Жеке тур» терминдердің ұғымдық аппаратын енгізу ұсынылды. Мұнымен қоса Тұжырымдама жобасындағы кейбір ұсыныстарды егжей-тегжейлі түсіндіру ұажеттілігі де айтылды.
«KazakhTourism» ҰК» АҚ қызметі» бағыты бойынша Ұлттық компания басқармасының төрағасы Рашид Күзембаев сөз сөйледі. «KazakhTourism» ұлттық компаниясына туризм бойынша ұлттық оператор дәрежесін беру және салалық заңнамада органның уәкілеттігін бекіту қажеттілігін атады.
Туристік сала субъектілерін кеңейту бойынша жұмыс тобының басшысы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы М.Мұрзамадиева да сөз алды. Оның айтуынша, жұмыс шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінде, Азаматтың авиация комитетінле кездесулер өткізіліп, салалық заңнаманы детілдіруге қатысты ұсыныстар жинақталған. Жұмыс қорытындысы бойынша туристік әлеует туралы ақпарат пен жарнаманы орналастыруға қатысты істі бірлесіп жұмылдыру жоспары талқыланған. Сондай-ақ туристік қызмет субъектілерінің санатына балалар лагері мен демалыс аймағы, санаториялық-курорттық сервис, ерекше қорғаудағы табиғат аймақтары, медициналық мекемелер, шығармашылық, өнер және сауық саласындағы, сондай-ақ жоғары оқу орындары, жол және жол бойындағы қызмет ұйымдарын енгізуге қатысты жоспар таныстырылды.
Ұсыныстарды талқылау барысында гид қызметінің мәселесі де көтерілді. Кей қатысушылардың пікірінше, бұл қызмет сапасыз қызмет көрсету орын алмас үшін нақты реттелу керек. Талқылау соңында гид қызметінің мәселесіне жеке жиын өткізуді шешті.
Қорытындысында Ведомствоаралық жұмыс тобының жетекшісі Павел Казанцев отырыс қатысушыларына берілген ұсыныстар соңғы емес, заң жобасы тұжырымдамасының соңғы редакциясына енгізер алдында әлі де тараптармен талқыланатынын хабарлады.
«Бұл кезеңде сараптама тобының мүшелері осы саладағы түйткілді мәселелер ауқымын қамтып, Тұжырымдама жобасында көрсету керек. Мұнымен қоса, айтылған ұсыныстарды заңға енгізілген өзгертілер деп қабылдамау керек, себебі бұл саланың бастамасы ғана. Алда қыруар жұмыс бар, заң жобасына қатысты өте күрделі әрі маңызды кезең туып отыр. Тұжырымдамаға енбеген мәселелер заң жобасының өзіне де енбейтіні белгілі. Сондықтан келесі заң жобасын күту керек, бұл араға біраз жылдарды салып келері анық», – деп тұжырымдады Мәжіліс депутаты.
Ведомствоаралық жұмыс тобының келесі кеңейтілген отырысы 2018 жылы наурыз айының басында өткізу жоспарланған.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: