«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Экологияны қалай жақсартамыз?

2018 жылғы 09 Ақпан
33667 просмотров

Экологиялық кодекстің жаңа үлгісі әзірленіп жатыр, «Атамекен» құжатқа нақты жұмыс істейтін өзгертулер ұсынбақ

Биыл өнеркәсіптік, жер қазба байлықтарына бай, әйтсе де тарихында зиянды реактивтер сыналған ядролық полигоны болған Қазақстан үшін экология жылы болып бекітіліп отыр. Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында экологияның маңыздылығы ерекше айтылған. Атап айтқанда кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ энергия өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыру керек. Бүгінде әлем бойынша өндірілетін электр энергиясының төрттен бірі жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі.

«Болжам бойынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 80 процентке жетеді. Біз 2030 жылға қарай Қазақстандағы баламалы энергия үлесін 30 процентке жеткізу міндетін қойдық. «Жасыл» технологияларға инвестиция салу үшін бизнесті ынталандыру маңызды» делінген. Сонымен қатар Экологиялық кодекске өзгертулер енгізу тапсырылды.

Қазақстан Республикасы жер қойнауында құнды металдары, мұнай-газымен әйгілі мемлекет. Кейбір сирек кездесетін металдар бойынша әлемнің көш басында еліміз тұр. Жер қойнауындағы байлықты игеру басында орта және ірі кәспорындар тұр. Өндірістік қалалар, өңдеу зауыттары ел экономикасының басымдыққа ие салалары. Алайда ірі өндірістің адамзатқа әкелетін пайдасымен қатар зияны да көп. Қазақстан өңіріндегі өндірістік қалалардың экологиясы құлдырап барады. Жергілікті халық та қоршаған ортаның ластануына наразы, балалардың денсаулығына алаңдайды. Жыл сайын бала сүймеген отбасылар саны артып, қатерлі ісік, өкпе, тыныс алу жолдары аурылары көбейіп келеді.

Үлкен зауыттар мен тау-кен ошақтарында ауаға бөлнетін ауыр, улы қалдықтар бөлінеді. Кен қазу, өндіруден шығатын ауа қабатын бұзатын заттарға негізінен шаң, SO2 күкірт диоксиді, NO2 азот диоксиді жатады. Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы деректері бойынша Қарағанды облысына қоршаған ортаны қорғау шараларына ауаға зиян қалдықтарды тастайтын кәсіпорындардан түсетін эмиссиялар мен экологиялық айппұлдардың небәрі 0,7%-ы ғана сол өңірге жұмсалады, Қостанай облысында – 3%, Павлодар облысында –3,2%.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасында экономиканың әр саласын қамтитын өндірістік комитеттер өздерінің 2018 жылға құрған жұмыс жоспарларында экология ерекше мән беріп отыр. Биыл өндіріс саласына экология жылы, сонымен қатар заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге мүмкіндік туып, жаңа Экологиялық кодекс қабылданбақ. Бұл кодексте қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан кәсіпкерлер мүддесі де ескерілуі тиіс.

Көмір генерациясы 

Қазақстанда көмір ірі кең орындары: тас және қоңыр көмірдің мол қорлары бар. Республикада 200-ге жуық көмір кен орыны барланған. Қазақстан көмірінің жалпы геологиялық қоры 164,4 млрд. тонна шамасында бағаланады, оның ішінде: тас көмір 17,6 млрд. тонна, қоңыр көмір 92,8 млрд. тонна. Барланған қорлар 60 млрд. тонна шамасында, баланстан тыс қорлар 19,3 млрд. тонна. Олардың 63%-ы тас көмір (оның кокстелетіні 17%), 37% – қоңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан (Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен). Қазақстанның энергетика саласы 80%-ға көмір генерациясына негізделген. Демек, республика бойынша 38-ге жуық энергия мен жылу станциялары көмір отынынан алынады. Ал көмірден бөлінетін ұлы заттар ауаны ластайды. Әзірге басқа баламаға көші мүмкін емес.

«Біз бір күнде көмір генерациясынан бас тарта алмаймыз. Қоршаған ортаны жақсартуда басқа тетіктерді қарастыру керек. Мәселен республика бойынша жұмыс істеп тұрған 38 біріктірілген станция тозығы жеткен, барлығы дерлік 50-60 жылдары салынған. Әрқайсының жұмыс істеу мерзімі 45 жылдан асып кеткен. Қазір оларды қалай алмастырамыз. ҚР Энергетика министрлігі осыған мән беруі керек»,– деді  Қазақстандық Электр энергиялық қауымдастығының төрағасы Шаймерден Оразалинов  

Бір қызығы Қазақстан ТМД елдері арасында «Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету туралы» заңы жоқ жалғыз мемлекет. Бұл заң ауа райының төрт мезгілі анық сезілетін Қазақстан климатына үшін қажет.

Кәсіпорындардың жауапкершілігі қандай?

Қазақстан қазба байлығы мол мемлекет болғандықтан, келешекте кен орындағы өндіріс, өнеркәсіп саласы дамып, ұлғая береді. Демек, өндірістен ауа бөлінетін ұлы газдар бөліне береді. Өз кезегінде кәсіпорындар қоршаған ортаға келтірген залалдарды алдын алу үшін бюджеттке міндетті төлемдер жасайды. 

Әлемнің экологияны қорғаудағы талаптары

Жер шары бәрімізге ортақ болған соң экологиялық мәселелер ол бүкіл адамзаттың мәселесі. Осы мақсатта түрлі дүниежүзілік ұйымдар қоршаған ортаны қорғауда мемлекетаралық келісімдер арқылы ықпал ете алады. Мәселен, ЕАЭО заңнамаларына сәйкес Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарында  полигондарда құрылыс және азық-түлік қалдықтарын көмуге тыйым салынады. Ал бұл әрекет өнеркәсіппен айналысатын барлық кәсіпорындар мен компаниялардың жұмысын тежейді. Қалдықтарды өңдейтін зауыттар жоқ, оларды қайда жібереміз?

Париж келісімі – халықаралық келісім. Климаттың жаһандық өзгеруімен күрес саласындағы негізгі үміттер осы құжатпен байланысты.    

«КазТАГ» агенттігінің хабарлауынша Келісім 2015 жылы 12 желтоқсанда Парижде климаттың өзегруі туралы Негіздемелік конвенцияның (КӨНК) 21-ші конференциясының қорытындысы бойынша қабылданған болатын. Форумға 195 қатысушы жер шарындағы орташа температураны 2100 жылы индустриялқ дәуірдің алдындағыдан 2 градус Цельсиядан асырмау туралы уағдаласты. Ғалымдар ауа температурасы одан артық өсетін болса, ол экология үшін орны толмас салдарға соқытарды деп болжап отыр.

Париж келісімінің пәрмені 2020 жылы аяқталатын Киото хаттамасының орнына келуі тиісті. Құжаттың күшіне ену шарты ауаға шығарылатын парниктік газдардың жалпы әлемдік көлемінің кем дегенде 55% келетін 55 елдің ратификациялауы болатын. Қазіргі сәтке құжатқа 190 ел қол қойып, 96 мемлекет ратификациялады. Айта кетелік,  Еске салсақ, 2 тамызда Қазақстан климат жөніндегі Париж келісіміне қол қойды. ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдрысовтың айтуынша, құжатты жыл соңына дейін ратификациялау жоспарланып отыр. 27 қазанда Қазақстан Парламенті «Париж келісімін ратификациялау туралы» заңды қабылдады. 

Экология кодексі табиғатты жақсартуға ат салыспай отыр ма?

Жылыжай газдардың көлемін азайту мақсатында «Жылыжай газдар туралы» заң жобасы әзірленуде. Алайда мамандардың айтуынша бірінші кезекте «Бюджеттік төлемдер туарлы» заңға өндіріспен айналысатын ірі кәсіпорындар төлейтін қоршаған ортаны жақсартуға ранлаған эмиссиялар тікелей табиғатты қорғауға жұмсалу керек. Осы туралы «Бюджет туралы» заңда бір сөйлем жазылуы тиіс. Қазіргі таңда кәсіпорындар төлейтін эмиссиялар бюджетті толтыруға жұмсалып отыр.

«Экология мәселесі – 2018 жылдың басты мәселесі болады. Менің ойымша кәсіпорындар өтейтін экологяилық төлемдерді қызаналық ретінде пайдалануды доғару керек. Сондықтан бүгін жұмыс жоспарын ғана мақұлдап қана қоймай, онымен тұра жұмыс істеуді ұсынамын. Бірінші кезекте бюджет кодексін қайта қарау керек», – деп ұсынды Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец.

Қазақстандық Электр энергиялық қауымдастығының төрағасы Шаймерден Оразалинов  экологиялық ахуалды қолға алудың жолдарын айтты.

«Біріншіден, Экологиялық кодексті қайта қарастыру керек. Қолданыстағы заңнама тек материалдық жауапкершілікке тартып, жазалауды көздейді. Бұл дұрыс емес. Бұл заң алдымен қоршаған ортаны қорғауға қызмет ету керек. Қәзіргі жағдайғы экология табиғатты қорғау шараларына мұқтаж. Демек, «Бюджет туралы» заңға толықтыру енгізу керек, яғни кәсіпорындардан алынатын эмиссиялар табиғатты қорғауға жұмсалуы жөн. Қазіргі таңда жылыжай газдары туралы заң жобасы қараламақ. Негізінде бірінші кезекте Экология кодексі жөнге келтіру маңызды. Қазіргі ахуалды қолға алмасақ, Париж конвенциясы талаптарын да, табиғатты да қорғау да, мемлекет мүддесі де реттелмейді», – деді Шаймерден Оразалинов.

Рас, экология тақырыбы дүниежүзі бойынша күрделі мәселе. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өндірістік комитеттері бір ауыздан биыл экология жылын белгілеп отыр. Биыл Экологиялық кодексі жобасы қаралып жатқанда бұл орынды қадам. Бизнес-қоғамдастық, комиттеттер мүшелері жаңа құжаттың әр тарапқа тиімді жасауға атсалысады. Кодекс бірінші кезекте табиғатты жақсартуға, оңтайлы шешімдерге бағыттауға жұмыс істеу керек. Осы бағытта бір жыл бойына жүйелі жұмыс жоспары бекітілген.

 Әлия Кемелбекова

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер