«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шаруа қожалықтарын қаржыландыру жеңілдетілді

2014 жылғы 31 Наурыз
4873 просмотров

Еліміздегі шаруа қожалықтарына несие беру шарттары жеңілдетілді, деп хабарлайды 24kz.

Енді төрт түлікті өргізіп отырған шаруалар мен жер анадан ырыс-несібесін теріп жүрген диқандар екінші деңгейлі банктерден бір терезе қағидасымен несие ала алады. Бұл туралы Қарағандыда «ҚазАгро» ұлттық холдингі өкілдерінің шаруа қожалықтары жетекшілерімен өткен кездесуінде айтылды. Бұған дейін шаруа иелері жоғары пайызбен санаулы жылға несие алып, оны төлей алмай, қарызға бататын. Ал «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша несиені небәрі 7%-бен 9 жылға ала алады. Сөйтіп шаруасын жолға қоюға мүмкіндік туады. Биыл көктемгі егіс науқанына алғаш рет қаржылай көмек беріледі.

Қайрат Айтуғанов, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы:

- Өткенде «ҚазАгро» шетелден 1 млрд. АҚШ доллар ақша әкелді. Ол ақшаны біз екінші деңгейлі банктерге, өзіміздің қаржы институттарына беріп жатырмыз. Олар шаруа қожалықтарын қаржыландырып жатыр. Несие 9 жылға 7%-бен беріледі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер