Анықтама үшін 250 шақырым: бизнес мәселесі талқылауда
Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі бизнестің мемлекеттік қызметті алудағы мәселесі мен кәсіпкерлікті дамытуға тосқауыл болған кедергілерді талқылады
Кеңес отырысында Қостанай облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті өз жұмыс нәтижесімен таныстырып, 2017 жылы Кәсіпкерлер палатасымен бірге атқарған жұмысқа тоқталды.
Мысалы Департаменттің жәрдемімен облыс орталығы планшетіне кіргізу тәртібі өзгертілді. Егер бұған дейін кәсіпкерлер сәулет қызметкерлерінен тұратын комиссияның әңгімелесуінен өту керек болса, қазіргі таңда жерге орналастырушы–кәсіпкерлер қала сәулетінде ешқандай әңгімелесусіз топографиялық планшет мәліметін пайдалануға құқылы.
Сонымен қатар Сарыкөл елдімекенін ауылға өзгерту мәселесі қаралды. Дүкен иегері жыл сайын 144 мың теңге сомасында лицензиялық жарна төлеуге мәжбүр, аудан орталығын заң нормасына сәйкестендіргенде жиын мөлшері үш есе азаяды.
«Сарыкөл басқа аудан орталықтарынан несімен ерекшеленеді? Басқа аудан орталықтары да ауыл дәрежесінде, онда дүкен иелері 48 мың теңге төлейді, билік тиісті шешім қабылдайды деген үмітіміз бар», – деді дүкен иесі Светлана Хижнякова.
Кеңес бұл мәселе бойынша Қостанай облысы әкіміне жүгіну шешімін қабылдады.
Күн тәртібіне қойылған тағы бір тақырып – Ауыл шаруашылығын қолдау қорынан несие алғанда қоятын кепіл мәселесі. Тіркеу және кепілді тоқтату бойынша сенімхатты Қор өзінің өңірлік филиалдарына береді, олар қарыз алушыларға қайта тапсырады. Сенім ауысқанда ҚР Азаматтық кодексінің талабына сәйкес сенімхат нотариалды түрде куәландыру керек. Кепілді тіркегені және тоқтатқаны үшін кәсіпкер сенімхатты нотариалды түрде куәландыру, көлік шығынын көтереді.
«Қордың міндеті болса, неге біз сенімхат үшін 250 шақырым жол жүріп, нотариалды куәландырып, кепілден ауыртпалықты алу үшін ауданымызға келуіміз керек, неліктен одан кейін құжатымыз үшін облыс орталығына қайта келеміз?» – деді Қамысты ауданындағы кәсіпкер.
«Бұл мәселені Қамысты ауданының кәсіпкерлері көтерді, облыстағы жағдайды талдап, бұл мәселе жиі қайталанатынын, Қордың несие алушыларында жиі туындайтынын білдік. Кеңес отырысында әр тарап өз ұсынысын айтты. Қордың орталық аппаратына қарыз алушыларға тікелей адрестік сенімхат беру өтінішімен жүгінуге шешім қабылдадық. Бұл сенімхатты нотариалды түрде куәләандырусыз кепілзатты алуға мүмкіндік береді», – деп хабарлады Палата өкілі Ренат Дәулетбаев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: