«Астана – 1»: жаңа бұйрық және «импорт» ішкі жүйесін сынау туралы
5 ақпанда «Атамекен» алаңында бизнес пен мемлекеттік кіріс органдарының «Астана–1» ақпараттық жүйесінің жұмысына және Қаржы министрлігінің ҚР жаңа Кеден кодексіне сай қабылдауы қажет бұйрығын дайындау мәселесіне қатысты кезекті жиналыс өтті. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры–Кедендік әкімшіліктендіру департаментінің директоры Дина Мамашева жетекшілік етті. Жиынға ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті, салалық қауымдастықтар мен өңірлердегі бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Аймақтағы өкілдермен бейне-байланыс орнатылды
Күн тәртібіне Қаржы министрлігінің жаңа бұйрықтарын талдау және «импорт» электронды ішкі жүйесін тестілеу мәселесі шығарылды.
Департамент директоры Дина Мамашева нормативті-құқықтық актілердің жобасына енгізілетін жаңалықтар мен оны қолданудың сыртқы сауда операцияларына қатыстылығы туралы баяндады. Осыған орай, бизнеспен аталған бұйрықтарға егжей-тегжейлі талдау жүргізу және өзгертуге қатысты ұсынысты уақытылы беру қажеттілігі атап өтілді.
Көп жағдайда бизнес-қоғамдастық назарына негізгі бұйрық жобалары ұсынылды:
- Кедендік декларациялау, өзге де кедендік операциялар мен кеден төлемін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз жеткізілген немесе мемлекеттік кіріс органдары шығаруды жүзеге асырмаған кейбір тауарларға қатысты салықтарды орындау ережесін бекіту туралы;
- тауар классификациясы, тауардың шыққан жері туралы алдын ала шешім мен жинақталмаған немесе талданған түрдегі, оның ішінде жиынтықтағы емес немесе аяқталмаған түрдегі тауар классификациясы туралы алдын ала шешім қабылдауға уәкілетті органды анықтау туралы;
- Тауар классификациясы, оны қабылдаудың Ережесі мен мерзімі туралы шешім формасын бекіту туралы;
- Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жинақталмаған немесе талданған түрде, оның ішінде жиынтықтағы емес немесе аяқталмаған түрде жеткізілетін тауарлар классификациясының кейбір мәселесі туралы;
- Кеден құнын анықтау үшін консультация жүргізудің тәртібі және мерзімі туралы.
Аталған нормативті-құқықтық актілерді талқылауда бизнес пен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері арасында ЕАЭО кеден шекарасы арқылы жинақталмаған немесе талданған түрде, оның ішінде жиынтықтағы емес немесе аяқталмаған түрде жеткізілетін тауарлар классификациясының мәселесіне қатысты айтарлықтай пікір алмасу орын алды, нәтижесінде құны мен тауар шыққан ел туралы жеке бағанды толтыру қажеттілігі мәселесін қайта қарау туралы шешім қабылданды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселені талқылау қорытындысы бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Үмітгүл Губашева 15 ақпанға жоспарланған жиналыста «Астана–1» ақпараттық жүйесіндегі «импорт» ішкі жүйесі таныстырылатынын нақты атады.
«Импорт» ішкі жүйесінде келесі мәселелер қамтылады:
• тарифтік емес реттеу шаралары бойынша анықтамалық қолдану;
• ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметтегі тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың кодын анықтаудың дұрыстығын бақылау механизмі;
• кеден төлемдері мен салықты (ҚҚС есебінен, жеңілдіктер, уақытын ұзарту, бөліп төлеу) төлеуді бақылау тәртібі және жеңілдік беру мен босатуды бақылау тәртібі.
Жалпы тауарды электронды декларациялаудағы мәселені жоюға қатысты жұмысты бизнеске келіп түсетін ескертулер мен ұсыныстарды біріктіруден, сондай-ақ «Астана–1» ақпараттық жүйесіндегі әрбір блок бойынша бизнес-процестердің байланысы арқылы жүйелі жұмыс жүргізуден бастау керектігі айтылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: