Қазақстан мен Грекия меморандум негізінде бірлесе жұмыс атқарады
5 қаңтар Астанада Қазақстан-Грекия бизнес-форумында екі ел арасындағы серіктестік қатынастар кепілдігі ретінде меморандумға қол қойылды
Форумға ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Арыстан Қабікенов, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Грекия Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Йоргос Катругалос, SEV төрағасының бірінші орынбасары Константинос Битсиос, мемлекеттік орган мен бизнес қауымдастық өкілдері, мүдделі тараптар қатысты.
Грек тарапы Қазақстан Республикасымен тиімді әрі нәтижелі өзара серіктестік қарым-қатынасты дамытуды кеңейту мақсатымен қызығушылық пен белсенділік танытуда. Бизнес-форумда 20-дан астам Қазақстанның импорты мен экспортын дамытуға мүдделі гректің энергетика, құрылыс, химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп компаниялары қатысты. Іс-шара аясында B2B кездесулер өткізіліп, Грекияның экономикалық жетістіктері мен инвестициялық әлеуеті қазақстандық кәсіпкерлерге таныстырылды.
«Грекияда кәсіпкерлік қызметті дамытуға бағытталған SEV ұйымы мен сыртқы сауда палаталары арасында меморандум жасалды. Сауда-саттық, логистикалық бағыттар мәселелері талқыланды. Қазіргі таңда Қазақстан мен Грекия арасында тауар айналымы 700 млн астам. Әрине, айналымның негізгі ауқымы біздің экспорт болып табылады. Грекиядан алып келінетін негізгі тауар: азық-түлік, киім, тондар. Елімізге Грекия Республикасынан бау-бақша, туризм, көкөністер өнеркәсібінде тәжірибесін үлгі етіп алуымыз қажет», – деді «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Нұралы Бөкейханов.
Грекия мемлекетінің азық-түлік ішінде бау-бақша өнімдері, жеміс-жидектер мен көкөністерді жабық алаңдар не жылыжайларда өсіруде, көтерме-үлестіру орталықтарының тиімді жұмыс жасауында тәжірибесі көп екендігін ескере, елімізге қажетті әрі тиімді кәсіп жүргізу білімі мен жаңа технологияларды алуымыз қажеттігі айтылды.
Еске салсақ, көтерме-үлестіру орталықтары тәжірибесін Қазақстан нарығында қолдану жүйесін ұсынып, енгізуге «Атамекен» ҚР ҰКП белсенді атсалысуда. Серіктестік қатынастар орнату арқылы аталмыш орталықтар жұмысын жолға қоюға грек тарапының көмегіне жүгінуге мүмкіндік болар еді.
Сонымен қатар, екі ел үшін де туризм саласында қарым-қатынас жасап, бірлесе жұмыс істеу қажет. Жыл сайын Грекия мемлекетіне әртүрлі себептермен жол тартатын Қазақстан азаматтар баршылық. Елшіліктің мәлімдеуінше Қазақстан-Грекия туристтерінің арасында осы уақытқа дейін түсініспеушілік жағдай орын алмаған. Аталған салада да мейрамхана, қонақүй бизнестері мен туризм дамыту мәселесінде еліміз үшін серіктестік қатынастар тиімді әсер етері анық.
Түйіткілдерге келетін болсақ, Қазақстан-Грекия әуе қатынастарына байланысты мәселелер шешілуге мемлекеттер мен елшіліктер қызығушылық білдіріп, мәселенің шешімін табуға атсалысуға мүдделі.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы мен Грекия Республикасы арасындағы өзара тиімді екіжақты келісім жасалып, меморандумға қол қойылды.
Анықтама үшін:
2017 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 980 млн АҚШ доллары болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 10%-ға төмен болған еді. Қазақстанға Грекиядан импорт 25%-ға ұлғайып, 16,5 млн АҚШ доллары болды. Импортталатын негізгі тауарлар: дәрілік тауарлар, темекі, киім кешек, мыс құбырлар, жаңа ауланған балық, киви, азық-түлік, лифттер мен көтергіш құралдар және т.б.
Қазақстанның Грекияға экспорты 963,5 млн АҚШ доллары болып, алюминий жеткізу көрсеткіштері ұлғайғандықтан өткен жылдың көрсеткішінен 10%-ға артты.
Экспорттың негізгі тауарлары: шикі мұнай, алюминий, іштен жанатын қозғалтқыш, жүзіп жүретін шамшырақ және т.б.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: