«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Күн тәртібіне бизнес пен мемлекеттік орган арасындағы сотқа дейінгі реттеудің орын алмау мәселесі қойылды

2018 жылғы 02 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
5565 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасында Өңірлік кеңестің отырысы өтіп, оған бизнес-қоғамдастықтың 20-дан астам өкілі қатысты

Күн тәртібіне сегіз мәселе қойылды, оның ішінде бизнес пен мемлекеттік орган арасындағы мәселеде сотқа дейінгі реттеудің жоқтығы да көтерілді. Осыған байланысты өңірде келістіруші медиативті комиссия құру жоспарланған.

«Келістіруші комиссияны Өңірлік кеңестің төрағалары, бір жағынан ең болмағанда қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары басқарғанын қалаймыз. Бұл комиссия бизнес пен мемлекеттік орган арасындағы сот дауларының азаюына ықпал етуі тиіс. Даулар жергілікті жерде шешілуі керек. Облыс әкімі бұл мәселені қолдауға дайын», – деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының былтыр сот тәжірибесіне жүргізген мониторингі қуантарлықтай емес. Кәсіпкерлердің жергілікті атқарушы органдарға берген талап арызының көбі қанағаттандырылмайды немесе әділет органдар қараудан мүлдем бас тартады. 2017 жылы ШҚО кәсіпкерлер палатасына құқығын қорғауға жүгінген кәсіпкерлердің 5,3% шағымынан 1% ғана қанағаттандырды. Ал мемлекеттік органдардың пайдасына 4,9% іс шешілген.

Сонымен қатар отырысы барысында ҚР Салық кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіндегі өзгертулерге қатысты түсіндіру жұмысы атқарылды. Аграрлық сала, оның ішінде цифрландыру, жаңа техникалық тәртіп элементтерін енгізу мәселелері де қаралды.

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Оксана Желякова осы бағытта «Атамекен» ҰКП мен Ауыл шаурашылығы министрлігі бірлесіп дайындаған нақты жоспар туралы ақпарат берді. Ең алдымен мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, ауыл шаруашылығы өнімін  бақылау қызметін құру және енгізу, агроөнеркәсіп кешеніне электронды сауданы енгізу қарастырылған.

Кәсіпкерлер электронды субсидиялауға қатысты сауалдарды ортаға салды. Бұл тақырып алдағы уақытта өңірлік кеңес жанындағы шаруалар тобының отырысында талқыланады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер