Мемлекеттік органдар кәсіпкерге екі жыл бойы ақшасын қайтармаған
Кәсіпкерлер құқығын қорғау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңес мүшелері шенеуніктерді жауапқа тартуды талап етті
Кәсіпкерлер құқығын қорғау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңес отырысының бірінші жиыны Өңірлік кәсіпкерлер палатсында өтті. Кеңес мүшелері қараған алғашқы өтінім жиын қатысушыларын таң қалдырды. Екі жыл қатарынан мемлекеттік органдар қызметкерлері ақшасын қайтаруды көздеген кәсіпкерге әкімшілік кедергілерді қолдан жасап келген.
Биылғы жылдың қаңтар айында Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасына Атбасар ауданынң жеке кәсіпкерлері Дин-магомед және Язмагомед Асаевтар өтінім жасады. Бауырлар жаңсақ төленген әкімшілік айппұл сомасын қайтурға көмектесуді сұрады.
2016 жылдың 29 қаңтары күні Дин-Магомед Асаевты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 86-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартып, 127 мың 260 теңге құрайтын айыппұл салды, сонымен қатар тұра осындай сомада ҚР ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 87-бабы бойынша да айппұл тағайындалды.
Бір ай өткен соң, 29 ақпан күні бауырының сұрауымен Язмагомед Асаев аталған айыппұл сомаларын өтейді, алайда жаңылысып, айппұлды өз атынан төлеп қояды. Осылайша бұл төлемдер жоғарыда айтылған әкімшілік айппұлдар шотына түспейді. Нәтижесінде 2016 жылдың 25 мамыр күні Дин-Магомед Асаев бұл айыппұлдарды қайта төлеуге мәжбүр болады.
Осыған байланысты Язмагомед Асаев қате төленген айппұлды қайтаруға көмек сұрады (түбіртекке сәйкес жалпы сома 254 мың 520 теңгені құрап отыр).
2016 жылдың 6 құркүйегінде Дин-Магомед Асаев Ақмола облысы Еңбек инспекциясы басқармасына растау хаты туралы немесе Атбасар ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне кейіннен табыс ету үшін қаражаттарды қайтару туралы тиісті қорытынды беруді сұрады. Алайда инспекция сұрауға жауап қайтармады.
Биыл 17 қаңтар күні ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшылары Мемлекеттік кірістер департаменті және Ақмола облысы Еңбек инспекциясы басқармасына палата атынан сұрау жібереді.
Мемлекетті кірістер департаменті жіберген жауапта: «... жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге салынған басқа да айыппұлдар, өсімақы, санкциялар, өндіріп алу» салықтық емес түсімдерге жатады және аталған жағдайда Ақмола облысы Еңбек инспекциясының құзыретіне жатады» делінген. Осылайша салық органы кәсіпкер құжаттарын Өңірлік палатаға қайтарады.
Өз кезегінде Еңбек инспекция басқармасы аталған өтінім бойынша қате төленген әкімшілік айыппұл бойынша растама-хат жібермейтінін, басқарманың құзыретіне жатпайтыны бойынша жауап жіберді. Аталған мәселе сот тәртібінде шешілетінін жеткізді.
«Осылайша, қате төленген соманы қайтару тәртібі барына қарамастан (а ол бойынша соманы қайтару әбден мүмкін), Еңбек инспекциясы басқармасы әкімшілік, сот органына жүгінбестен, кедергіні қолдан жасаған»,– деді ӨКП сарапшысы Алтынай Арапова.
Егер Өңірлік кеңес қарауына жіберілмегенде бұл қаржылық әуре-сарсаңның қашанғы созылатыны белгісі еді. Талқылау барысында екі органның өкілдерінен жауап беру талап етілді. Мемлекеттік кірістер бөлім басшысы Ирина Колько аталған мәселені түзеп, қаржыны бір тәулікте қайтару бойынша тәртіп барын растады.
Өз кезегінде мемлекеттік еңбек инспекторы Динара Батықова бұл мәселені қарап, тез арада шешуге сөз берді. Ең қызығы, Динара Батықованың айтуынша осыған дейін Палата сұрауына жауап берген қызметкер Басқармадағы қызметін босатқан.
Кеңес мүшелері осы іске кінәлілерді жауапқа тартып, ал істің материалдарын ҚР Мемлекеттің Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жіберуді ұсынды.
«Кәсіпкер өздігінше мәсеесін шекісі келгені құрдымға кететін шаруа екен. Мемлекеттік органдар ұстанымы таң қалдырады, екі жыл бойына кәсіпкер өтінімін елемеген. Енжарлық пен жазасыздық бассыздыққа әкелетіні белгілі», – деді ӨКП директоры орынбасары Валентина Геращенко.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: