«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерге арналған листинг ережелері

2018 жылғы 01 Ақпан
2799 просмотров

«Astana International Exchange (AIX) листинг ережелері мен телаптары. Астана халықаралық қаржы орталығындағы салық мәселелері»

 «Атамекен» алаңында Астана халықаралық қаржы орталығы қызметінің мәселелері бойынша жиын өтті.

Астана-Алматы-өңірлер бейнеконференциясына Астана халықаралық қаржы орталығы, АХҚО қызметін реттеу комитеті, «Атамекен» өкілдері, Мәжіліс депутаттары, өңірлік палаталары мүшелері қатысты.  

Жиында мүше болудың ережелері, бағалы қағаздарды шығару проспектілеріне талаптар, ақпаратты ашу ережелерді қамтитын Астана халықаралық қаржы орталығының биржасы ережелері талқыланды. Жиынға қатысушылар қосымша салық жеңілдктері, кірістерді бөліп санау, инфрақұрылым, биржа мүшелері мен әлеуетті эмитенттерге қойылатын талаптар, қаржы мониторингі бойынша талаптарды орындау, есептеу мен реттеудің ерекешелігі сынды мәселелерді талқылады.

 Жиын қорытындысы бойынша Астана халықаралық қаржы орталығын жетілдіру жұмыстары ары қарай жалғастырылмақ.

 Презентация


Еншілес ұйымдар

Серіктестер