Талғат Доскенов «Кәсіпкерлер әлеуметтік мәселелерді шеше алады»
31 қаңтар күні Астанада «Әлеуметтік кәсіпкерлік орнықты әлеуметтік өзгерістердің жаңа моделі» форумы өтті. Аталмыш форум еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерлік дамыту бойынша ұсыныстарды дайындауға бағытталған. Форумды Қазақстандағы Британ Кеңесі, «Шеврон» компаниясы мен «Атамекен» бірлесіп ұйымдастырды.
Форумның пленарлық отырысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов бизнестің бұл саласы алдағы жақын арада үлкен сұранысқа ие болатынына тоқталып кетті:
«Бүгінде Қазақстан үлкен өзгерістер алдында тұр. Бұл Елбасының қоғамның рухани жаңғыруы мен экономиканы модернизациялауға арналған жолдауларынан айқын көрінеді. Кәсіпкерлік ортаны қалыптастырумен қатар әлеуметтік кәсіпкерлік те кең етек алуда. Қоғам мен әр адамның өмірін жақсарту – кәсіпкерлер мен азаматтардың ерікті әлеуметтік миссиясы.
Елімізде әлеуметтік кәсіпкерліктің түрлі формалары қолданылады. Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін дәстүрлі бизнес-тәжірибелер мен кәсіптің жаңа түрлерін жасап, инновацияларды қолдануға болады. Сондай-ақ, дәстүрлі бизнес-әдістердің жаңа жолдарын бейімдеу мүмкіндігі бар.
Форумға жиналған үкіметтік емес ұйым өкілдері мен кәсіпкерлер Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау тетіктері қарастырылмағанын жиі сөз етті. Аталмыш саланы дамыту жолдарын әзірлеу бойынша «Атамекен» Қазақстанда Республикасындағы АҚШ елшілігі мен Британдық кеңес өкілдерімен және бірқатар халықаралық ұйымдармен бірлесе іс-шаралар ұйымдастырған болатын. Талғат Казкенұлы әлеуметтік кәсіпкерлікті кеңінен дамыту жолдарын қолданыстағы заң жүйесін жетілдіру негізінде жасауымыз қажет деп есептейді.
Әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы өз сөзінде бизнестің қоғам алдындағы жауапкершілігі турасында да сөз қозғады. Ол форум қатысушыларына «Атамекенім» акциясымен жайында айтып берді:
«Акция Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласы аясында ұйымдастырылған және әлеуметтік жауапкершілік пен қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. «Атамекеннің» ресми сайтында «Әлеуметтік мәселелер реестрі» орналастырылған. Реестр елімзідің әр облысындағы ауыл мен қала проблемаларын қамтиды. Кез-келген кәсіпкер өз аймағындағы мәселелермен танысып, ауылына көмек көрсете алады» – дейді Талғат Доскенов.
Пайда табудан, қоғамдағы мәселені шешуді басты назарған қойған кәсіпкерлікті дамытудың жолдарының бірі – салықтық жеңілдіктерді ұлғайту. Бүгінде олар ірі бизнес үшін 3%, ал ШОБ үшін – 4% көлемінде. Бұдан басқа, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Парыз» орденін табыстап, «Парыз» байқауы аясында қосымша номинацияларды қарастыруды ұсынады.
Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік даму жолына енді түсе бастаса, Ұлыбритания бизнесінің 20%-тен астамының әлеуметтік миссиясы бар екен. Бұл жайында Британ кеңесінің әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі кеңесшісі Джульет Корнфорд баяндады.
«Ұлыбритания – әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы әлемдік көшбасшы. Кәсіпкерлердің жылдық қаржы айналымы 120 млрд фунтты құрайды. Ал жұмыс орындарының саны 1 миллионнан асады. Британ кеңесінің әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы жұмысы озық британиялық тәжірибеге негізделген» – дейді Д. Корнфорд.
Форум барысында қатысушылар «Еуразия Орталық Азия» қорының Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы зерттеуінің нәтижелерімен таныстырылды. Фонд менеджерін Андрей Бачищенің айтуынша, әлеуметтік кәсіпкерлер негізінен Алматы, Астана және Павлодар қалаларында шоғырланған. Кәсіпкерлердің басым бөлігі білім беру, медицина және экология саласын қамтиды екен.
«Әлеуметтік кәсіпкерлік орнықты әлеуметтік өзгерістердің жаңа моделі» форумының пленарлық отырысы барысында сәтті деп танылған «Green Tal» әлеуметтік кәсіпорынының негізін қалаушы Эмин Аскеров, Эмин Аскеров, «Радость» қайырымдылық дүкенінің негізін қалаушы Меруерт Аргимбаева, «Биопакет» компаниясының директоры Мирас Аббасов пен «Шанырак» әлеуметтік кәсіпорынының директоры Геннадий Франк жұмыс барысындағы жетістіктері мен тап болған қиындықтары жайында сөз қозғады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: