«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палата монополияға қарсы әрекет етушілерді тек бизнесті ғана жазаламауға шақырады

2018 жылғы 30 Қаңтар
6822 просмотров

Абылай Мырзахметов әділ бәсекелестік пен кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіретін шенеуніктерге байланысты жауапты шараларды ойластыру қажеттігін айтты

30 қаңтар ҚР Үкімет отырысында сөз сөйлеу барысында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы мемлекеттің қатысуымен кәсіпорындарды ұйымдастыру мәселесіне басты назар аударды. Абылай Мырзахметовтың айтуынша қорғаныс қабілеттілігі мен ұлттық қауіпсіздік жағдайларында ғана жоғарыда аталған компанияларды құру сенімді ақтайды. Қалған салаларда міндетті түрде ішкі нарыққа сараптама жасау қажет.

«Алдын ала сараптама мұндай кәсіпорындарды құру қажеттілігі қандай екендігін анықтар еді. Бұл мемлекеттік медициналық мекемелер, балабақшаларға және т.б да қатысты. Әсіресе қазіргі таңда біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестік мәселесін белсенді қолға алған уақытта маңызы өте зор. Мәселені құқық қолдану аясында қарастырып, жұмыс жасаған жөн», – деді Абылай Мырзахметов.

«Атамекеннің» ұсынысы бойынша мемлекеттің қатысуымен компанияларды құру қажеттілігі алдын ала қарастыру барысында сарапшылар мен бизнес-қауымдастықтардың қатысуымен жүзеге асырылуы қажет.

«Ашық талқыға салу тәуекелдерді қысқартады. Жергілікті атқарушы органдардың аталмыш ұйымдардың құрылуын қолдау кейбір уақыттарда лоббизм арқылы жүзеге асырылатындығы түсінікті. Бұл да кәсіпорындарды құру мен бәсекелестікті шектеу жолындағы бір қосымша сүзгі болар еді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы.

Абылай Мырзахметов қазіргі таңда өңірлерде орын алған муниципалдық саябақтар мен автобустық тасымалдаушылар арасындағы жағдайды мысал ретінде атап өтті.

«Бұқараға байланысты жергілікті биліктің талаптарын түсінеміз. Қауіпсіздік, көліктің экологиялық тұрғыдан таза болу мәселелері бар. Бұл арада тарифтерді қайта қарастыру мәселесі бар. Тарифтер қайта қарастырылмаған уақытта, біздің ақпараттарымызға сәйкес 5 өңірде муниципалдық тасымалдаушылар саябақтары пайда болды. Мұндай жағдай да бәсекелестіктің бұрмалануына алып келеді. Біз кез келген субсидияларға жауап ретінде ескі автобустарды алып тастау сынды бизнестің міндеттеріне ауыстырылуы қажет екендігімен толық келісеміз. Жергілікті дәрежеде Табиғи монополияларды реттеу мен бәсекелестікті қорғау комитеті бәсекелестіктің бұрмалану мәселесіне байланысты қадағалауды қатаңдату қажеттілігі тәжірибе жүзінде белгілі болды», – деп есептейді Абылай Мырзахметов.

Сонымен қатар, Ұлттық палата кәсіпкерлік қызметке араласуына байланысты мемлекеттік органдарға жауапты шаралар қолдануды талап етуде. Аталған жағдайлар шешім қабылданып, жауапқа тартылмас бұрын кәсіпкерлерге қатысты жүргізілген тергеу ашық талқыға салынатын Келістіруші комиссия жұмысы аясында анықталды.

«Комиссия жақсы әсер беретіндігі байқалады. Бағалық сөз байласу үшін жауапкершілікті доминанттар өз мойындарына алу қажет. Алайда, бизнестің жұмысына араласқаны үшін мемлекеттік органдарға байланысты жауапты шаралар болуы тиіс. Мұндай жағдайлар, мәселен, бақылау органдары сұйытылған газды жұмсауға байланысты нормаларды бекіткен кезде кездеседі. Бұл әлеуметтік мәселе екендігін түсінеміз, дегенмен, кәсіпкерлік қызмет жұмысына араласу болған жағдайда белгілі бір шектеулер болуы тиіс», – деді Абылай Мырзахметов.

Қорытындылай, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы ішкі нарықты контрафактілік өнімдерден қорғауды күшейту мақсатымен техникалық регламент мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер