«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысында кәсіпкер балалар алаңқайын тегін салып берді

2018 жылғы 30 Қаңтар
- Жетісу облысы
9569 просмотров

Бизнесмен тұрақты түрде аз қамтылған отбасыларға жәрдемдесіп отырады

Текелі қаласы арбат маңындағы көп қабатты үй алаңында аязға қарамастан қара құрым адам. Көшеге ойнау үшін балалар, қарт кісілер мен кішкентай балалары бар аналар шыққан. Бұған дейін осында тиісті балалар алаңы мен абаттандыру болмаған.

Бірақ бұл жерді жергілікті кәсіпкер Қуанышбек Ерғожанов адам танымастай өзгертті. Жеке қаражатына ол аумақты абаттандырып, құмсалғыш, әткеншектер мен турниктер салып берген. Бұл игі ісіне үй тұрғындары ғана емес, жалпы текеліліктер мен қала басшылығы дән риза. Балалар алаңының құрылысын кәсіпкер президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға бағытталған «Атамекенім» республикалық акциясы аясында бастады.

 «Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жариялап, бизнесмендерді қоғамға пайда әкелуге, ең алдымен туған жеріне көмек көрсетуге шақырды. Бүгінгі таңда әлеуметтік жауапкершілік кәсіпкерлік қызметтің ажырамас бөлігіне айналу керек. Сондықтан, менің ойымша әр адам бизнесте болсын, басқа салада болсын, өзінің мүмкіндіктеріне қарай айналасына қолдау білдіріп отыруы тиіс», – деп атап өтті кәсіпкер.

52 жастағы Қуанышбек Ерғожановтың кәсібі металл құрастырылымдарын шығарумен байланысты. Текелідегі цехында металл мен түрлі қорытпадан бұйымдар дайындайды. Балалар алаңқайы кәсіпкердің алғашқы қайырымдылық жобасы емес. Ол тұрақты түрде аз қамтылған жанұяларға жәрдемдесіп, ағаш пен металлдан жасалған жиһаздарды сыйлап отырады.

«Текелінің бизнес қоғамдастығы барлық бағыт бойынша әлуметтік жауапкершіліктерін көрсетіп келеді. Мысалы, Жаңа жыл алдында іскер әйелдер «Текелі Асар» қайырымдылық жобасын бастаған. Адамдар сатып алған заттарын қала дүкендерінде арнайы жасалған сөрелерге қойып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдарға көмектесе алады. Сонымен бірге, кәсіпкерлер жас спортшыларды үнемі қолдап, рспубликалық және халықаралық біріншіліктерге қатысуға демеушілік танытып отырады», – дейді Кәсіпкерлер палатасының Текелі қалалық филиалының директоры Тұрысбек Жұмаділов.

Сондай-ақ Жұмаділовтің айтуынша, текелілік кәсіпкерлер мүмкіндігі шектеулі балаларды өз қамқорлықтарына алған.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер