Қазақстан бизнесі Еуразиялық экономикалық комиссиясымен техникалық реттеудің өзекті мәселелерін талқылайды
Ұлттық палатада Қазақстан кәсіпкерлері мен Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Валерий Корешковтың кездесуі өтеді
2018 жылдың 31 қаңтарында сағат 15-00-ден 18-00-ге дейін (Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, «Зүбәржат орамы» БО, Б блогы, 26-қабат, «Түркістан» залы) алғаш рет «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында Қазақстан Республикасы кәсіпкерлері Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Валерий Корешковпен кездеседі.
Кедесу аясында ағымдағы жағдай, Еуразиялық экономикалық одақта техникалық реттеу жүйесіндегі мәселелер мен келешекте дамыту әлеуетін талқылауды жоспарланған.
Еуразиялық экономикалық комиссия техникалық реттеу және аккредиттеу департаментнің директоры А.А.Шаққалиев пен «Атамекен» ҚР ҰКП техникалық реттеу департаментінің директоры Т.А.Ермекбаев баяндама жасайды.
Мұнымен қоса, Қазақстан бизнес-қоғамдастығына Еуразиялық экономикалық комиссияның басшылығымен бірге техникалық реттеу саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, оны шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік туып беріледі.
Іс-шара бағдарламасында талқылануы мүмкін тақырыптар:
- Бірыңғай санитарлық-эпидемологиялық және гигиеналық талаптардағы синтетикалық жуу құралдарына қатысты өзгерістер жобасы;
- «Энергия пайдаланатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы» техникалық регламент жобасы;
- тағам өнімін таңбалауға қойылатын талаптарды өзгерту бойынша бастамалар;
- «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық талап регламентін қолдану және оны орындауға қатысты мәселелер.
Бүгінде қатысатындығын растаған ұйымдар қатарында:
- Қазақстан құс өсірушілер одағы;
- Қазақстан қант, тағам және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы;
- Қазақстанның май-тоңмай одағы;
- Қазақстан сауда компаниялары және тұрмыстық электрлі, компьютерлік техника және күрделі техникалық жүйелері тауарын өндірушілерінің қауымдастығы;
- Қазақстанның сәйкестілігін бағалау органдарының қауымдастығы;
- Қазақстан АвтоБизнес қауымдастығы;
- Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы;
- «Казфосфат» ЖШС және т.б. бар.
Кездесу нәтижесінде бизнес-қоғамдастық көтеретін барлық мәселе бойынша нақты шешім қабылданады деп күтіледі.
Нақты ақпарат алу үшін «Атамекен» ҚР ҰКП техникалық реттеу департаментіне хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7172) 919330.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: