«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Нұра ауданының ішкі істер бөлімі жезқазғандық кәсіпкерге қарыз

2018 жылғы 22 Қаңтар
- Қарағанды облысы
6747 просмотров

Сараптама жүргізуге бекітілген қаражат кәсіпкердің қолына тимеген

Серікбек Көпбаев көп жылдан бері сот-ветеринарлық срааптама саласында жұмыс істейді. Оған Жезқазғандағы ішкі істер бөлімі ғана емес, Осакаров, Ақтоғай және Нұра ауданындарынан да хабарласады. Соңғы ауданның тапсырысы кәсіпкер үшін үлкен мәселеге айналды.

«Мен сот-ветеринарлық сараптама жасаймын. Маған барлық өңірден хабарласады әрі ақысын да уақытылы төлейді. Алайда Нұра ауданының ішкі істер бөлімі атқарылған жұмыс үшін 363 мың теңге қаражатты төлемеді», - деді кәсіпкер.

Сонымен қатар ішкі істер бөлімінің өкілдері бірнеше рет жүгінген. Соңғы рет Серікбек Көпбаев алдыңғы қарыз үшін қызмет көрсетуден бас тартқан. Ал ішкі істер бөлімінің өкілдері Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің қаржылай қамтамасыз ету басқармасының бастығына жеке сарапшыға 275 мың теңге қарыз ақша төлеу туралы жолдаған хаттың көшірмесін берген. Ресми хаттан кейін ішкі істер бөліміне сенген кәсіпкер сот-ветеринарлық сараптаманы тағы да жүргізген. Алайда уәде етілген сома сол күйі төленбеген.

«Бізде орталықтандырылған тергеу басқармасы бар, ол жыл сайын сараптамаға жұмсалатын қажетті соманы көрсетеді. Алайда биыл да, былтыр да мұндай қаржы олардың тарапынан берілмеді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД Қаржылай қамтамасыз ету бөлімінің маманы Әділет Медеубаев.

Кеңес шешімі бойынша Қарағанды облысы Ішкі істер департаментіне ветеринарлық сараптама жүргізген Көпбаев С.З. жеке кәсіпкердің пайдасына төлем жасау туралы тиісті өтінім жолданады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер