«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палатада туризмге қатысты заңнамадағы өзгертулер талқыланды

2018 жылғы 19 Қаңтар
4265 просмотров

«Атамекен» алаңында Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың қатысуымен бизнес-таңғы ас өтті

Бейресми жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олег Казанцев жетекшілік етті. Жиын туризм саласындағы заңнамаға өзгертулер енгізу мәселелері жөніндегі Қоғамдық туристік сараптау тобының жұмысы аясында өтті.

Бизнес-таңғы асқа туристік сала субъектілерінің тізімін кеңейту, лицензиялау мәселесі, инфрақұрылымды дамыту, туризм саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары, «Kazakh Tourism» ҰК қызметі, көшпелі туризм саласында азаматтардың құқығына кепілдік беру жүйесі атты 6 бағыт бойынша жұмыс тобының жетекшілері қатысты.

Қатысушылар нарық ұсынысын жинау жұмысының аралық қорытындысын шығарды. Жұмыс топтарының жұмыс алгоритмі, сондай-ақ нарық ұсыныстарын зерделеу механизмі анықталды.

«Заңнаманы өзгертуге қатысты ұсыныстарды дайындау жұмысын белсендіру қажет. Бұл жұмыста нарық қатысушыларының өздері белсендік танытулары керек. Себебі бұл бизнес-ахуал мен елдегі туризмнің даму шарттарын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді», - деп Олег Казанцев жұмыс тобы жетекшілерінің алдында басты міндеттерді атап өтті.

Өз кезегінде Тұжырымдама мен салалық заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу аясында ұсыныстарды дайындаудың тығыздығын ескере отырып, вице-министр Ерлан Қожағапанов осындай жиындарды тұрақты түрде өткізуді ұсынды. Сонымен қатар ҚР Парламентінде ақпан айының екінші жартысында өткізуді жоспарлаған үкіметтік сағатқа сала тарапынан негізгі тезистерді дайынлау мәселесін де көтерді.

Жиын қорытындысы бойынша алты бағыт бойынша жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен Қоғамдық туристік сараптау тобының екінші кеңейтілген отырысын 2018 жылы қаңтар айының соңында «Атамекен» ҚР ҰКП алаңыында өткізуге шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер