«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» техникалық регламентке баға береді

2018 жылғы 18 Қаңтар
6238 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге арнап кедергілерді анықтау мен жою үшін техникалық регламентке сараптама жүргізеді

ЕАЭО аясында бірыңғай нарық құру механизмдерінің бірі – техникалық реттеу саласында өнімге бірыңғай талап қою. Одақтың техникалық регламентіне машина, жабдық, электрлі техникалық бұйымдар, мұнай, газ, арнайы сұйықтықтар, жанар-жағар май, автокөлік, автожолдар, темір жол құрамы мен инфрақұрылым, жарылғыш заттар мен пиротехника, жеделсаты, тағам өнімі, темекі, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, ойыншықтар, парфюмерлік-косметикалық өнім, жиһаз, химиялық өнім, тыңайтқыш, жем және т.б. өнім түрлерінің қауіпсіздік орындау үшін міндетті талаптар кіреді.

Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақта 46 техникалық регламент қабылданды, оның ішінде 10 регламентті Қазақстан дайындады.

37 техникалық регламент күшіне енді, 2018-2022 жылдары тағы 9 регламент қолданысқа енеді.

2016 жылы «Атамекен» ҚР ҰКП қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия өткізетін Одақтың қабылданатын техникалық регламентіне қатысты реттеу әсерін бағалау процедурасы енгізілді.

Реттеу әсерін бағалауды міндетті өткізу Одақтың 2016 жылға дейін қабылданған және келісілген техникалық регламентін қамтымайды.

Осыған орай, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтіретін нормаларын анықтау үшін Одақтың қабылданған техникалық регламентіне талдау жасау жұмысын өз еркімен бастады.

«Кәсіпкерлер өндірісті уақытында модернизациялай алмаған жағдайлар болды, нәтижесінде өз өнімдерін бекітілген талапқа сай жасай алмады. Осындай жағдайларда біз жедел түрде Еуразиялық экономикалық комиссияға техникалық регламент ауыспалы ережесінің мерзімін ұзартуға немесе кейінге шегеруге жүгінуге туралы келді. Мысалы көлік құралдарының экологиялық класының жарамдылық мерзімін ұзартуға жүгіндік, экологиялық төмен санаттағы отынның, бұрындары сертификаттауға жатпаған құрамдас бөлшектерді және т.б. айналымдағы мерзімін ұзарттық», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісова.

Техникалық реттеу өнеркәсіптің экономикалық дамуы және ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкес келуі керек. Ауыспалы ережелердің мерзімін әрдайым ұзарту көрсетілген қағида көп жағдайда сақтала бермейтіндігін көрсетеді. Техникалық регламенттің барлығымен бірдей жаңа талаптарды орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін инфрақұрылым жасалмаған.

Шағын өлшемді кеме, пиротехникалық бұйымдар, жарылғыш заттар, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының тракторы, темекі өнімдері мен көлік құралдарының техникалық регламентіне қатысты елімізде техникалық регламентте қаралған барлық талапқа сай сынақ жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар инфрақұрылым жоқ.

Техникалық регламент әсер ететін сала ауқымды және еліміздегі негізгі салаларды түгелдей қамтиды. Сондықтан ЕАЭО техникалық регламентінің кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайына нақты әсер етуі бағалау маңызды.

Соның ішінде, «Тағам өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент Қазақстанның тағам өнеркәссібінде жұмыс істейтін 4000-нан аса кәсіпорынның мүддесін қозғайды.

Техникалық регламент көп жағдайда бірнеше байланысты саланы қамтиды. Мысалы, «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент автокөлік өндірушілерге ғана қатысты емес, сондай-ақ 600-ден астам субъект саналатын жолаушылар тасымалдаушыларының және Қазақстанда шамамен 4 мың болатын жүк тасымалдаушылардың мүддесіне де қатысты болады.

Дана Жүнісова мәселелері нормалар анықталған жағдайда «Атамекен» бизнесті жүргізудің жақсарту үшін техникалық регламентке өзгертулер енгізуге бастама болатынын түсіндірді.

«Қазақстанның бизнес-қоғамдастығын осы бірлескен жұмысымызға белсене қатысуды сұраймыз. Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін кедергілерді бірлесіп жояйық!» - деді Басқарма Төрағасының орынбасары.

«Атамекен» ҚР ҰКП ресми сайтында жарияланды:

- ЕАЭО қабылданған техникалық регламентінің тізімі,

- жоғары талап, кәсіпкерлік қызметті арттық реттеуге, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге шектеу немесе өзге де кедергілер қоятын ережелерді анықтауға бағытталған сауалнама парағы.

Сауалнама парағын толтырып, 2018 жылдың 20 наурызына дейін «Атамекен» ҚР ҰКП Техникалық реттеу департаментінің мекенжайына немесе m.tokbolatov@atameken.kz электронды почтасына жолдау керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер