«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

5 ақпанда Астанада Қазақстан-Грекия бизнес-форумы өтеді

2018 жылғы 15 Қаңтар
7093 просмотров

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы 2018 жылдың 5ақпанында Астанада Қазақстан мен Грекия елдерінің ресми өкілдерінің қатысуымен екі мемлекеттің бизнес-форумы өтетінін хабарлайды

Грекия тарапы екі мемлекет арасындағы өзара тиімді де пайдалы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытып, дайын екендіктерін білдіріп отыр. Бизнес-форумға Қазақстанда экспорт, импорт және инвестицияны дамытуға қызығушылық танытып отырған Грекияның энергетика, құрылыс, химия мен фармацевтика саласында жұмыс істейтін 23 компаниясы қатысады.

Іс-шара барысында В2В кездесу қарастырылған. Онда Қазақстан кәсіпкерлерінің назарына Грекияның инвестициялық ахуалы мен экономикалық жетістіктері ұсынылады.

Іскерлік байланыс алаңы Қазақстан Республикасы мен Грекия Республикасының екіжақты тиімді ынтымақтастығындағы басым да ыңғайлы бағыттарды анықтауға септігін тигізетініне сенім мол.

Қазақстан-Грекия бизнес-форумына қатысу үшін https://goo.gl/forms/bX7TOXtc9fZbNHO83 сілтемесі арқылы тіркеуден өту керек. Форум «RixosPresident» қонақүйі «Жерұйық» залында өтеді.

Барлық сауалдар бойынша Айнұр Әнесоваға хабарласуға болады: +7 (7172) 279054 (227), a.anessova@atameken.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер