«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ҰКП «KAZAKHTOURISM» ҰК» АҚ директорлар кеңесі құрамында

2018 жылғы 09 Қаңтар
5892 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің құрамында

«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің құрамы жаңарды. Жаңарған кеңес құрамы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының 2017 жылдың 5 қаңтардан №1 қаулысымен бекітілді.

Жаңарған кеңес құрамында «Атамекен» ҚР ҰКП мүддесін Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева өкілдік етеді. Яғни, бұдан былай «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің шешімдерінде бизнестің ойы ескерілмек.

Қаулыға сәйкес төрағаның төралқалығы уақытынан бұрын тоқтатылып, төмендегі көрсетілген тізім бойынша кеңестің жаңа құрамы бекітілді:

  • Мамин Асқар Ұзақпайұлы – ҚР Үкіметінің өкілі;
  • Арыстанбек Мұхамедиұлы – ҚР Үкіметінің өкілі;
  • Қожағапанов Ерлан Тоқтарханұлы – сәйкесінше саланың уәкілетті орган өкілі;
  • Жұмағұлов Айбатыр Нышанбайұлы– Ұлттық экономика министрлігінің өкілі;
  • Ыбырайымов Ғалымжан Уәлханұлы– мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті орган өкілі;
  • Мұрзамадиева Майнюра Саветқызы – жалғыз мекеме өкілі;
  • Күзембаев Рашид Талапұлы – Ұйым басқармасының төрағасы;
  • Николоз Гилаури – тәуелсіз директор;
  • Феттах Таминдже – тәуелсіз директор;
  • Якупбаева Юлия Константинқызы – тәуелсіз директор.

Қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енді.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2017 жылдың 29 желтоқсанының №931 қаулысына сәйкес ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаевты орнына келді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер