Шымкент-Ташкент бағытындағы қатынас жолға қойылды
Ташкент пен Шымкент арасында тура автобус қатынасын ашуға екі ел арасындағы келісімнің нәтижесінде қол жеткізілді
2018 жылдың 8 қаңтарынан Шымкенттен Ташкентке дейін арнайы жабдықталған автобустар таңғы 06:00-ден кешкі 19:00-ге дейін бір сағат мерзімділікпен жүретін болады. Бағыттың жалпы ұзындығы – 145 км болса, техникалық аялдамасыз 3 сағат уақыт жұмсалады. Автобустар ескі вокзалдан аттанады.
Кедендік тексеру мен шекаралық бақылауды автобустар, жолаушылар мен жүк кезектен тыс өтеді.
ОҚО-дан азық-түлікті көрші елге өткізу мақсатымен баратын кәсіпкерлер үшін қосымша төлем қажет етпейтін рұқсат берілген жүк көлемі 22 кг және 3 өлшем бойынша тауардың габариттері 160 см-ден астауы тиіс екендігін еске саламыз. Жүк автобустың жүктерге арналған бөлімінде тасымалданады. Сонымен қатар, автобустың салонында тасымалдауға рұқсат берілген қол жүгі 8 кг-нан астауы тиіс.
Бұдан өзге салмағы 30 кг-нан асатын жүк төленуі тиіс болып саналып, қосымша бір билет құны бекітілген.
Шымкенттен Ташкентке дейін ересек адам үшін бір билет құны 3500 теңге және 5-тен 10 жасқа дейін балалар үшін 1675 теңге. Жолаушылардың бұл ауыспалы көлік арқылы жетуден қымбат болса да, жайлылық, қауіпсіздік пен шекарадан тез өту үшін артық төлеуге дайын екендіктерін айтты.
Арнайы жабдықталған MANдардың жүріп-тұруларын қадағалау күнделікті жүргізіледі. Қазақстанның көлік комитетінің шешімімен «КазнетВоркBus» ЖШС, ал Өзбекстан тарапынан «Манзара Турист» ШЖҚ (шектелген жауапкершілікті қоғам) тасымалдауды жүзеге асырады.
Еске салсақ, Қазақстан мен Өзбекстан арасында автобустық қатынастар 17 жыл бойы болған емес.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: