«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесмендер сотталған жандарды жұмыспен қамтуға көмек көрсетеді

2018 жылғы 03 Қаңтар
- Ақмола облысы
7253 просмотров

Ақмола облысының коллониясына экскурсия ұйымдастырылды

Ақмола облысының Гранитный мекенінің ЕЦ 166/25 түзету мекемесінің басшылығы бизнес өкілдеріне экскурсия ұйымдастырды.

Акция мақсаты: мекеме аумағында жаңа өндіріс ашу арқылы жазаға кесілгендерді жұмыспен қамту.

Қазіргі таңда ЕЦ 166/25 аумағында тігін цехы, аяқ киім тігу шеберханасы, жиһаз цехы, ағаш өңдеу сынды өндірістер бар.

«Біздің мақсатымыз – қамқорлығымыздағы жандардың көпшілігін жұмыспен қамту. Қазіргі таңда мекемеміздегі жазаға тартылғандардың 70%-ы жұмыспен қамтылған. Жалпы саны 494 адам. Белгілі бір шарттар аясында бизнеске түсіністік танытып, өндірістік орындарға орын беруге дайынбыз», – деді ЕЦ 166/25 мекемесінің басшысы Ербол Мусин.

Коллония аймағында жалғыз «Еңбек» РМК (Республикалық мемлекеттік кәсіпорын) жұмыс жасап, осы кәсіпорын да бизнеспен бірлесе жұмыс жасауға дайын.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Зеренді бөлімшесінің басшысы Ержан Малғаждаровтың айтуынша түзету мекемесінің қорларын қолдануға ниет білдірушілер баршылық. Олардың бірі «Ардагер Неруд» ЖШС басшысы Жұмабек Әбілов.

«Мені кеспе тастар өндірісі қызықтырды. Бұл жерде тастарды тек жылы мезгілдерде өндіреді. Кәсіпорынды жандандыруға болады», – деді Жұмабек Әбілов.

Тағы бір кәсіпкер металлоконструкция цехына үлкен қызығушылық танытты.

«Еңбек» РМК «Еңбек-Көкшетау» бөлімшесінің әкімшілік-өндірістік бөлім басшысы Есілбай Әмренов ұйымдарының бизнеспен тығыз серіктестік қарым-қатынастар орнатуға дайын екендігін мәлімдеді. Мекеменің ерекшелігіне байланысты осы сынды жұмыс күштері арқылы жұмыс жасау бизнеске ыңғайлы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер