«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Таразда «Кәсіпкерлер үйі» ашылды

2017 жылғы 27 Желтоқсан
- Жамбыл облысы
3566 просмотров

Жаңа жоба жүзеге асырылды

Тараз қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) толықформатты режимінде жұмыс істейтін«Кәсіпкерлер үйі»салтанатты түрде ашылды.

Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Жамбыл облысының әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы жаңа жобаны жүзеге асырды. Жамбыл облысының орталығында орналасқан Кәсіпкерлер үйі «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейтін болады.

Аталған орталықта шағын және орта бизнес субъектілері үшін қаржылай және қаржылай емес кеңестер тізімі көрсетілетін болады. Өңір кәсіпкерлеріне кешенді әрі мобильді түрде қызмет көрсету үшін мұнда «Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер-кеңесшілері», сонымен қатар, «Инвесторларға қызмет көрсету орталығы», «Жергілікті инновация кеңсесі», «Жобалық басқару және цифрландыру кеңсесі», «Казах Инвесттің жергілікті кеңсесі», «Туристік ақпараттық орталық» орналасқан.

Қосымша Халыққа қызмет көрсету орталығы, Жер қатынастары басқармасы, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, миграциондық қызмет, екінші деңгейлі банктер, «Даму» қоры мен өзге де қаржы институттары қызмет көрсетеді.

Кәсіпкерлердің үйінде сондай-ақ, «Жергілікті Кәсіпкерлер палатасының» оқыту орталығы кез келген адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, шеберлік сыныптары мен бизнес саласында біліктілігін арттыру бойынша тренингтер өткізетін болады.

Мемлекеттік «Цифрлы Қазақстан» жаңа бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Жамбыл облысының әкімдігі кәсіпкерлер үйінде Жобалық басқару және цифрландыру кеңсесін ашып, осылайша жаһандану заманында ілкімді ілгерілеу мен сенімді қадам жасады. «Кәсіпкерлер үйі» билік пен бизнес арасында нәтижелі диалогтық алаңға айналмақ.

Орталықтың ашылуына жалпы 70-ке жуық кәсіпкер қатысты. Өңірлік Кеңес мүшелері де белсенділік танытып, кәсіпкерлер үйінің ішкі тұрмысымен етене танысты. Келген қонақтарды Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Тимур Жанке және Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

Айтуларынша, бұл орталық кәсіпкерлер үшін нағыз тосынсыйға айналды. Енді олар бұрынғыдай ондаған мекемелерді аралап, шыр-айналмайды, енді қажетті  қызметтің барлық түрін бір орталықтан алып, тіргілін тындыратын болады.

«Кәсіпкерлер үйі бизнесмендер үшін нағыз жұмаққа айналады деп сенеміз. Себебі олар сапалы қызмет алып, әрі уақыттарын да үнемдейді, - дейді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер